«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы басшылығы

Әбсаттаров Дінмұхамед Болатұлы


Дінмұхамед Абсаттаров 1978 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. 2001 жылы М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясын бітірген.

2005 жылы Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «инжинер-мұнайшы» мамандығын алған. Еңбек жолын 2001 жылы «Ақтөбе хром қосылыстар зауыты» акционерлік қоғамында экономист ретінде бастаған.

2002- 2003 жж. – Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің кеңесшісі.

2003-2004 жж. – Қызылорда облысы ауыл шаруашылық басқармасының бөлім меңгерушісі.

2004 - 2006 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы.

2004 -2006 жж. – Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі.

2006 -2010 жж. – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы директорының орынбасары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

2006-2011 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі көлік жолдары комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директорының орынбасары.

2011-2012 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

2012 ж. – басқарушы директор - «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басқарушы басқарма мүшесі .

2013 ж.  – Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры.

2014-2015 жж. – басқарушы директор - «Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры.

2015 ж.  – «Атамекен» ҰКП басқармасының өңірлік мәселелер бойынша кеңесшісі.

2015 - 2016 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП тамақ өнеркәсібі және АӨК Комитеті хатшылығының хатшысының орынбасары.

2016 жж.– «Атамекен» ҚР ҰКП тамақ өнеркәсібі және АӨК департаменті директорының орынбасары.

2016- 2017 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП ШОБ дамыту Департаментінің директоры- атқарушы директоры.

2017-  2018 жж.  – Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры.

2018 ж.– «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының өңірлік сұрақтар бойынша кеңесшісі.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап – «Атамекен» ҚР ҰКП сауда Департаменті диекторы- атқарушы директоры.

 

Кенжебаев Берік Халиоллаұлы

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары


Кенжебаев Берік Халиоллаұлы 1987 жылы 11 қаңтар күні ОҚО дүниеге келген. 2007 жылы Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін аударма ісі бакалаврі мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2007 жылы  ШЫмкент қаласындағы "Қазақтелеком" АҚ аудармашы болып бастаған. 2004 - 2010 жылдары - «Y-PEER» халықаралық желісінде Ұлттық тренер. 2019 жылы Болгария Республикасының денсаулық сақтауды қорғау ұлттық орталығының үйлестіру бөлімінің басшысы.

 2010  –2011 жылдары - «Y-PEER» халықаралық желісінде төрағасы.

 2011 жылдың сәуірінен - «Оңтүстік-Медиа» ЖШС маркетинг бөлімінің бас менеджері, Шымкен 

 2013 жылдың қаңтарынан  - "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ОҚО" қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы.

 2013 жылдың қазан айынан - ОҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің басшысы 

 2014 сәуірінен -  ОҚО Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы 

 2018 жылдың қарашасынан -  «Atameken Shymkent» қаржы ұйымының директоры

 2018 жылдың қаңтарынан -  Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы

2019 жылдың ақпан айынан бастап- Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары.

 

Махмут Жомарт Мақсұтұлы

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары


Махмут Жомарт Мақсұтұлы 1984 жылы туылған.

М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандығы.

Еңбек жолын 2005 жылы  коммерциялық құрылымдардағы жұмыстан бастаған.

07.2008 – 06.2011 жж. – Мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіру саясаты басқармасының сарапшысы, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саясаты басқармасының сарапшысы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ақпараттандыруды дамыту саясаты басқармасының сарапшысы;

06.2011 – 04.2012 жж.- ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы (ҚР Байланыс және ақпараттандыру министрлігі қайта құрылғанға дейін));

04.2012 – 02.2013 жж. - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті мемлекеттік рұқсат беру жүйесін реформалау басқармасының бас сарапшысы;

03.2013 – 10.2014 жж. - ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің Мемлекеттік рұқсат беру жүйесін реформалау басқармасының басшысы;

01.2015 – 09.2018 жж. - Атамекен " ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің сарапшысы»;

10.2018 – 10.2018 жж. - "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті директорының орынбасары»;

2018 жылдың қазан айынан бастап Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасынның құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары.

 

Серіктестер