«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ірі компания ауыл кәсіпкерлеріне грант берді

2019 жылғы 20 Қараша
1848 просмотров

Қарақия ауданы, Құрық ауылында «Кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасының қорытындылау форумы өтті

Оған Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төретаев, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Қарақия аудандық филиалының директоры А.Махмутов және ауданның жас кәсіпкерлері қатысты.   «Кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасы - Қарақия ауданы үшін аталған шараның маңызы зор. Өйткені, 2014 жылдан бері «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС мен «Орталық Азия Еуразия» қоры жергілікті жас кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, алғашқы іскерлік қадамдарына қаржылай көмектесіп келеді. Осы шарада дәнекерлеуші Жандос Құттымұратовқа 1 млн.тг., көлік жөндеу орталығын кеңейту үшін Серік Жұбанышевқа 1 млн.тг., Құрық ауылында маршрут ұйымдастыру кәсібіне Қожабек Алмағанбетовке 2,5 млн.тг грант берілді. Қайтарымсыз қаражатқа кәсіпкерлер дән риза.

Серік Жұбанышев Құрық ауылынан осы жылдың басында көлік жөндеу орталығын ашқан еді. Бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Грантқа қосымша құрал-жабдықтар алуды жоспарлап отырмыз. Біз жергілікті әкімдік, полиция тағы басқа 3-4 мемлекеттік мекеменің көліктерін келісімшартпен жөндеп келеміз. Одан қалған уақытта ауыл тұрғындарының көліктерін жөндеп береміз. Қайтарымсыз қаражат, кәсібімнің дамуына өз көмегін тигізетін болды. Қуанышымыз шексіз»,- дейді ол.

«Соңғы 5 жыл ішінде компания Қарақия ауданында 20 жобаның жүзеге асуына ықпал етті. Бұл ауыз толтырып айтарлық жетістік. Сонымен қатар, іске асқан бұл жобалар еліміздің дамыған 30 елдің қатарына ену үшін де өзіндік үлесін тигізеді. Осы орайда, «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС мен «Орталық Азия Еуразия» қорына зор алғысымды білдіремін. Олардың көмегімен ауданымыздың ғана емес, облысымыздың шағын және орта бизнесін дамытуға септігін тигізеді»,- дейді Аманат Махмутов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер