«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰКП алаңында мүгедектер ұйымдарының Индустриялық сертификатты алуға қатысты түйткілді мәселелері талқыланды

2020 жылғы 22 Қаңтар
5616 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне Индустриялық сертификаттарды беру (ары қарай – ИС) түйткілді мәселелеріне  қатысты кеңейтілген жиын өтті

Кездесу «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, мемлекеттік органдар және бизнес-қауымдастық өкілдері соның ішінде мүгедектер ұйымдарының 100-ден астам өкілдері, сондай-ақ Қаржы министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Самұрық-Қазына» қоры өкілдерінің қатысуымен өтті.

Мүгедектер ұйымдарының Индустриялық сертификатты алуға қатысты өтінімдері мен шағымдарына жасалған талдау нәтижелері бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Индустриялық сертификатты жетілдіру мәселесі жөніндегі жиында талқыланған негізгі түйткілді мәселелерді таныстырды. 

Осылайша, қауымдастықтардың өкілдері жүргізетін салалық сараптаманың қымбатшылығы мәселесі көтерілді, оның құны сарапшылардың ұшып келу-кетуі, орналасу мен тамақтануын есепке алғанда  670 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұдан бөлек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер, соның ішінде мүгедектер ұйымдары салалық сарапшылардың тапшылығы және сараптама жүргізу процесінің ұзақтығына жиі шағымданатынын атап өтті.

Сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінен сәйкестік сертификатын алу үшін техрегламенттің талаптары бойынша жиһаз өнеркәсібі тауарларын сынақтан өткізуге зертханалардың жетіспеуі проблемасына назар аударуды сұрады.

  Ұлттық палата жүргізген талдау Индустриялық сертификаттарды беру қағидаларына сәйкес негізгі өлшемдерден асатын Жиһаз және жеңіл өнеркәсібі қауымдастықтары мүгедектер ұйымдарына қатысты әзірлеген талаптардың тым қатаңдығы бойынша өткір проблема барын көрсетті.

Осылайша, мүгедектер ұйымдарынан көптеп келген шағымдарды ескере отырып, «Атамекен» ҰКП Индустриялық сертификаттарды мүгедектер ұйымдарына беру қажеттілігі туралы мәселені кең талқылауға салды.

 Талқылау барысында мүгедектер ұйымдарының өкілдері Индустриялық сертификат – верификация жүргізу және шынайы өнім өндірушілер болып табылатын мүгедектер ұйымдарын қолдау, сонымен қатар жалған кәсіпкерлікпен күрес жүргізудің құралы ретінде қажеттілігіне қатысты өздерінің бірыңғай ұстанымын  білдірді.

Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатсы бірқатар ұсыныстарды бастамалады:

Біріншіден, сараптама жүргізу үшін Қауымдастықтан әр өңірде ең кемі 1 салалық  сарапшыны қамтамасыз ету талабын белгілеу. Палата пікірінше, бұл шара салалық сарапшылардың жетіспеуі мәселесін шешеді, сонымен қатар сарапшыларға жұмсалатын ұшып келу-кету, орналасу мен тамақтану шығындарын алып тастауға мүмкіндік беріп, осылайша сараптамаға жұмсалатын шығындар құны төмендейді.

Екіншіден, Мүгедектер ұйымдарын верификациялау механизмін әзірлеу ұсынылды. Осындай ұйымдар тізілімінің болмауы мемлекеттік сатып алуларда өнеркәсіптік көлемдерді ұтып алуды көздейтін жалған кәсіпорынардың пайда болуына жағдай жасайды.

  Өз кезегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы мәселедегі олқылықтарды мойындап, Ұлттық палата және мүгедектер ұйымдарының ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін білдірді.

  Бұдан бөлек, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі Алмаз Ержан мүгедектер ұйымдарының бірыңғай бірлестікке бірігуінің қажеттілігін атап өтті.

 Естеріңізге салсақ, мүгедектер ұйымдарының мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат беруге қатысты мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары туралы заңнамаға түзетулердің қабылдануына байланысты Қаржы министрілігінің ақпараттық жүйеге (мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы) саны және еңбекақыны төлеу шығындары (Салық кодексі 394-бабының  бірінші бөлімі (11-т.) бойынша барлық талаптарға сәйкестігіне жүргізген тексеруінен кейін 2019 жылдың ақпан айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мүгедектер ұйымдарының тізбесін қалыптастыру бойынша функцияны тоқтатты (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2015 жылғы №1065 бұйрығы), аталған тізбеде мемлекеттік сатып алуларға қатысуға қажетті егжей-тегжейлі шарттар болған.

Үшіншіден, ҰКП салалық қауымдастықтар және мүгедектер ұйымдарымен бірлесіп, Индустриялық сертификатты алудың салалық критерийлерін егжей-тегжейлі қарауды ұсынды. Аталған мәселені жиынға қатысушылар келесі аптада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Адами капиталды дамыту және әлеуметтік саясат жөніндегі комитет отырысында талқылайды. Сондан кейін Қағидаларға ұсынылмақ өзгерістер «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңда көрсетілгендей, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасына бекітілуге жіберіледі. 

  Төртіншіден, 15 қаңтарда өткен жиында алдын ала талқыланғандай, «Атамекен» Индустриялық сертификаттарды беру механизмінде  Палата, Қауымдастықтар, салалық сарапшылар және өндіруші-кәсіпорындар арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыратын болады. Бұл шара Индустриялық сертификатты берудің барлық кезеңдерінде процестердің ашықтығын қамтамасыз етпек.

Сонымен қатар  мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қатысуда артық шектеулерге байланысты Индустриялық сертификаттан Тауар, жұмыс және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалық жүйесі бойынша шығарылған өнімді кодтауды алып тастау туралы шешім қабылданды.

«Атамекен» мүгедектер ұйымдарына Индустриялық сертификатты беру мәселесін бақылауда ұстауды жалғастыратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер