«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Техникалық реттеу туралы» және «Техникалық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдары жобасыныңТұжырымдамалары

2020 жылғы 23 Қаңтар
9294 просмотров

«Атамекенге» ҚР Сауда және интеграция министрлігінің әзірлеуімен «Техникалық реттеу туралы» және «Техникалық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдары жобаларының Тұжырымдамалары келіп түсті

Тұжырымдамалардың негізгі мақсаты болып ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аккредиттеу субъектілерінің адал қызметіне бағытталған іс-шаралар белгіленді:

-техникалық регламенттер талаптарын орындауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру;

-қауіпті өнімді қайтару және алып тастау механизмін жетілдіру;

- техникалық реттеу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға (сарапшы-аудиторларға) әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін арттыру;

 -аккредиттеу субъектілеріне қатысты тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібін енгізу;

-«шартты шығарылым» процедурасы бойынша импорттаушылардың міндеттемелерді орындауын бақылау механизмінің тиімділігін арттыру;

-аккредиттеу аттестатын тоқтату тәртібін жетілдіру;

-нотификация механимзін енгізу;

-референтті зертханалар институтын құру.

Тұжырымдамалармен танысуды ұсынамыз, жоба бойынша ұсыныстар мен ескертпелер болған жағдайда мына нөмір арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919 330, zh.shuikebayeva@atameken.kz, ye.zhalmanbetov@atameken.kz.

 «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Тұжырымдамасы

«Техникалық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының Тұжырымдамасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер