«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Алакөл аудандық филиалының директоры кәсіпкерлермен есептік кездесу өткізді

2020 жылғы 23 Қаңтар
- Жетісу облысы
3944 просмотров

Бүгін кәсіпкерлер палатасының Алакөл аудандық филиалының директоры Мұхтар Адиков жергілікті кәсіпкерлермен есептік кездесу өткізді.  

Есептік кездесуде Кәсіпкерлер палатасының Алакөл аудандық филиалының директоры 2019 жылда жасалған шаруаларына есеп беріп, 2020 жылғы жоспарларымен тұрғылықты кәсіпкерлерге таныстырды.

Атап айтқанда бүгінгі күні Алакөл ауданында 2892 кәсіпкерлік субъект тіркелген. Аталған кәсіпкерлік орындарының қазіргі күні 1754 жұмыс істеп отыр.

«2019 жылдың 12 айында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша ауданда 11 мәселе қаралды. Сонымен қатар, «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты бойынша аудандық филиалдың қолдауымен, «Бастау Бизнес» жобасы 6-кезең және «Жас кәсіпкер» жобасы 2-кезең бойынша барлығы 329 қатысушы оқытылып, сертификаттарын алды», - дейді кәсіпкерлер палатасының Алакөл аудандық филиалының директоры Мұхтар Адиков.

Филиал директорының айтуынша былтырғы жылы аудандық кәсіпкерлер жалпы сомасы 63 615 000 теңге көлемінде мемлекеттік қолдау тапқан. Оған жергілікті кәсіпкерлер дән риза екенін жеткізді.

Кездесу барысында кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері көкейде жүрген сауалдарын да қойды. Аудандық шаруа қожалықтарының алға қойған мәселелерінің бірі – Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында жеке кәсіптің салық кабинетінде есеп беру кезеңінде қызметкерлерінің жетіспеушілігі жайлы айтылды. Бұл сұраққа филиал директоры есептік кезеңде басқа қызметкерлермен қатар, өзі де кеңес беріп, көмегін аямайтынын жеткізді. Осы әрекет арқылы есептік кезеңде кезектердің азаюына ықпалын тигізетінін айтты. Келесі сұрақ - егістік уақытында субсидияның кешігіп берілуі жайлы және субсидиядан алынатын салыққа қарсылықтары бар екенін жеткізді. Сонымен қатар, Заңның өзгеруіне байланысты мемлекеттік сатып алу порталының кез келген қолданушыға мүмкіндігі шектелгені жайлы мәселе көтерілді. Соңғы екі сұраққа филиал директоры өңірлік филиалға хаттама арқылы жіберіп, ұсыныспен шығатынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер