«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық компаниялар Қытайда өтетін халықаралық көрмеде өз өнімдерін қашықтан таныстырады

2020 жылғы 28 Қазан
4087 просмотров

5-10 қараша аралығында Шанхайда CIIE 2020 Импорттық тауарлар мен қызметтердің ІІІ халықаралық көрмесі өтеді

 Іс-шараны ҚХР Коммерция министрлігі және Шанхай халық үкіметі ұйымдастырды. IMPORT EXPO аясында сауда және инвестицияларды дамыту, соның ішінде тауарлар мен қызметтер саудасын дамыту, сондай-ақ өнеркәсіпті, туризмді дамытудағы жетістіктер саласында кешенді таныстыру жүргізу үшін әр қатысушы елге павильон беріледі.

 «Биыл бұл іс-шараға үшінші рет қатысып жатырмыз. Қазақстанның 35 компаниясы ішінен 27 компания QazTrade  «Экспорт акселераторы» бағдарламасына қатысады. Компанияларымыз «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері» көрме аймағына қатысатын болады», – деді Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Аян Еренов.

Осы жылы Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі COVID-19 індетіне байланысты онлайн-көрмені ұйымдастыруды шешті. Сондықтан қазақстандық компаниялар көрмеге қашықтан қатысады. Әр компанияның стендінде өніімдерді таныстыратын маман болады. Осы ретте әр маманға Қазақстандағы компанияның өкілімен байланысқа шығуға арналған  жабдық беріледі.

 Пандемияға байланысты қытай тарапы көрмедегі өнімдерді сатуға және дәмін көруге қатаң тыйым салған. Өнімдердің барлық үлгілері кеден органдары тарапынан бекітілген әрі көрме аяқталған соң утилизацияға жіберіледі.

 Қазақстандық компаниялар China International Import Expo көрмесінде экологикалық таза өнімдер: жоғары сапалы шоколад, бисквиттер, печенье, сиыр еті мен қой етінен стейктер, консервілер, йодталған тұз, ұн және бидайдан жасалған өнімдер, макарон өнімдері, тез дайындалатын кеспе, нан өнімдері, сары май, майонез, кетчуп, рапс және сафлор майын ұсынады. Сондай-ақ қытай сатып алушыларына су, шырын, арақ, шарап, мұздатылған балық өнімдері, жартылай дайын өнімдер, тұқы мен жылан балықтың жоң еті, қойылытылған қантты сүт, құрғақ бие мен түйе сүті және бал ұсынылады.

 «Кәсіпкерлерімізге қойылған шектеулерге қарамастан көрмеге деген қызығушылық өте үлкен. Бұл көрме қашықтан өтсе де тиімді іс-шара болады деп жоспарлап отырмыз», –  деді Аян Еренов.

Аян Ереновтың айтуынша, 2019 жылы CIIE  көрмесінде Қазақстанға берілген павильонның ауданы 180 шаршы метрге дейін ұлғайтылған, іс-шараға 30 отандық компания қатысқан. Соңғы екі жылда отандық компаниялар 280,75 млн АҚШ долларына келісімшарттар жасаған.

 Дереккөзге сілтеме: http://www.xinhuanet.com/english/2020-10/25/c_139466372.htm


Еншілес ұйымдар

Серіктестер