«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ӨКП жетекшілері «Атамекен» қызметінің негізгі бағыттары бойынша оқуға қатысты

2022 жылғы 27 Маусым
4110 просмотров

Бүгін Ұлттық палатаның орталық аппаратында тренинг форматында тәжірибе алмасу өтті. Шараға өңірлік кәсіпкерлер палаталарының директорлары, сондай-ақ орталық аппараттың құрылымық бөлімдерінің жетекшілері қатысты.

 «Атамекен»  ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, Ұлттық палатаның үйлесімді жұмысы үшін ішкі құрылымда тәжірибе, білім және озық тәжірибе алмасу маңызды фактор. Трансформациялау шеңберінде орталық аппаратта салалар бойынша жұмыс ісетудің жаңа тәсілдері дайындалып жатыр, оларды білу және түсіну әсіресе өңірлік деңгейде өзекті.

 «Қазіргі кезде кәсіпкерлердің 90%-дан астамы – шағын және микробизнес өкілдері. Осы саланың тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында ШОБ-ты дамыту жөніндегі шаралар кешені әзірленді. Бағдарлама кәсіпкерлер мәселелеріне жүйелі қарауға және тұрақты жұмыс істеп тұрған шағын және микробизнесті мақсатты түрде өсіруге мүмкіндік береді», – деп Мақсат Қиқымов өңірлерде шағын және орта бизнесті дамыту үшін әзірленген ШОБ 2.0 бағдарламасына арналған сессияны ашты.

 Бағдарлама төрт негізгі бағыттан тұрады, оларды дамыту өңірдегі кәсіпкерліктің ілгерілеуіне серпін бере алады. Осылайша, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі шеңберінде деректер базасын өзектендіру бойынша жұмыс ұсынылды. Бұл  шара өңірдегі кәсіпкерліктің нақты көрінісін қалыптастыру мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бірыңғай электрондық алаң әзірлеу ұсынылды. Онда кәсіпкерлер қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары, екінші деңгейдегі банктер және өзге де ұйымдармен бірлескен өнімдер туралы барлық өзекті ақпаратты, сондай-ақ бизнеске арналған ақпараттық сервистерді таба алады. Бизнесті таргеттелген оқыту шеңберінде салалық және өңірлік ерекшелікті ескере отырып, тұрақтылықты арттыру бойынша тегін оқу жүргізілетін болады. Оқу шығындарды үнемдеуге және компаниялардың кірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін практикалық құралдар, сондай-ақ бизнесті айналымды тіркеуге және цифрлық құралдарға көшуге ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ, өңірлердің негізгі салалық драйверлерін дамыту бойынша өңірлік салалық бағдарламаларды әзірлеу кезінде ауқымды әдіснамалық жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының пікірінше, бұл құралдарды біліп, оларды жергілікті жерлерде тиімді қолдану бүкіл елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға қуатты стимул болады.

Сондай-ақ өңірлік палаталардың директорлары ішкі нормативті құжаттар, құжат айналымымен жұмыс істеу, сондай-ақ БАҚ-тағы және әлеуметтік желілердегі жағымсыз жарияланымдарды әрекет ету және баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша білімі мен дағдыларын жақсарту үшін оқуға қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының адами капиталды дамыту мәселелеріндегі рөлі, ҰКП-ның орта мерзімді міндеттері, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың перспективалары мен мүмкіндіктері, МЖӘ саласындағы түбегейлі өзгерістер, құрылыс, ТКШ және жер қатынастары саласындағы өзекті проблемалар, сондай-ақ бизнесті құқықтық қорғаудың экожүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

 Шара қорытындысы бойынша біліктілікті арттыру және өзекті білімді жетілдіру үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер