astana-view

Реестр проблем

№1198

Жылыжайларға жылу беру маусымында сұйытылған газды тікелей өндірушілерден мемлекет бекіткен бағамен беру мәселесі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша мемлекет тарапынан кешенді шаралар қабылдануда. Осы ретте Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына жылыжайда көкөніс өнімдерін өсірумен айналысатын «Kaz Agro Mir» ЖШС-нан өтініш түсті. Жылыжай шаруашылықтарының жылу беру маусымындағы шығындарының маңызды бөлігінің бірі отын (сұйытылған газ, көмір) екені белгілі. 2022 жылғы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында сұйытылған газдың бағасын мемлекеттік реттеуді тапсырды. Қазіргі таңда газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері, сұйытылған газды шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар сұйытылған мұнай газын өндірушілерден 1 тоннасын 28 мың теңгеден (1 литр - 15 теңге) алады. Мемлекет автогаз құю станциялары арқылы сатылатын сұйытылған газдың бағасын Қызылорда облысына 1 литріне 60 теңгеден бекіткен. Дегенмен, жылыжайлар сатып алатын сұйытылған газдың бағасы реттелмейді. «Kaz Agro Mir» ЖШС-ның мәліметінше, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында сұйытылған газдың 1 тоннасын газ желісі ұйымдарынан 200 мың теңгеден сатып алып келген. Бір айға қажеттілігі – 80 тонна. Жылыжай мұнай газын тікелей өндірушілерден мемлекет бекіткен бағамен сатып алатын болса, ай сайын 13 млн.теңге көлемінде қаржы үнемдейді екен. Бұл өз кезегінде көкөніс өнімдері бағасының арзандауына және сырттан тасымалданатын көкөніс көлемін азаюына септігін тигізер еді. Жылыжайлар тұтынатын сұйытылған газдың көлемі көп емес. Мысалы Қызылорда облысына 2022 жылдың наурыз айына бөлінген сұйытылған газдың көлемі 6 884 тонна. Осы үлестен жылу беру маусымында жылыжайлар тұтынатын сұйытылған газдың көлемі небәрі 1,1 %. Жылыжайлар бөлінген 6 884 тонна сұйытылған газдан үлесін алуда, басқа жерден сұйытылған газ сатып алмайды. Бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын және көкөніс өнімдеріне бағаны тұрақтандыру ықпалы көп екендігін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығындағы өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне жылыжайлар иелерін де қосуды қарастыруды сұраймыз. Сұйытылған газдың ерекшелігі: қысқы маусымда тұтыну көлемі төмен болады, сұраныс жазғы маусымда артады. Сондықтан, жылыжайларға тікелей өндірушілерден беру сұйытылған газдың нарығына кері әсер етпейді. Жылыжайларға жылу беру маусымында сұйытылған газды тікелей өндірушілерден беру көкөніс өнімдері бағасының арзандауына оң ықпал етер еді.

Уровень проблемы:

Республиканская проблема

Источник информации о проблеме:

КЫЗЫЛОРДА РПП

Предложение по решению проблемы:

«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығындағы өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне жылыжайлар иелерін де қосу.

Пути решения:

1. Энергетика, сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктеріне хат жолдау. 2. Жылыжайларға сұйытылған газдың қажеттілігін талдау. 3. Энергетика, сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлескен отырыс өткізіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру 4. ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу.

Дата включения в реестр:

2022-03-09 00:00:00

Предполагаемые сроки решения:

2022-06-30 00:00:00

Ход исполнения:
Ответственный исполнитель:

Сергалиев Рустем Акылбекович, Абытов Фархат Хакымжанович

заместитель директора ДРНГЭО, Исполнительный директор

Департамент по развитию нефтегазовой и энергетической отраслей, Ассоциация Kazenergy

,

Руководитель подразделения:

Құдайбергенов Дінмұхаммед Нұрланүлы

Управляющий директор- директор Департамента

ДЕПАРТАМЕНТ БАЗОВЫХ ОТРАСЛЕЙ И ЭКОЛОГИИ

Дочерние организации

Партнеры