«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қаржылық емес қолдау

Кәсіпкерлікті Қаржылық емес қолдау шаралары

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларын іске асыру аясында «Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну» және  «Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» құралдары бойынша қызметтер жүргізіледі.

Экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне «Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну» шеңберінде мамандандырылған көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлері ұсынылады:

1) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау бойынша қызметтер;

2) заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша қызметтер;

3) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу жөніндегі қызметтер;

4) Маркетинг және бизнес-жоспарлау қызметтері;     

«Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» құралы экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылатын ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызмет түрлері:

  1. мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру бағыты бойынша;
  2. өтініштерді сүйемелдеу бағыты бойынша;

 

Қазіргі уақытта Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы кеңсесінде, сондай-ақ облысымыздың 16 ауданындағы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалдарында менеджер-консультанттар тегін қызмет көрсетеді.

Қаржылық емес қолдау қызметтері келесі мекен-жайлары бойынша көрсетіледі:

  1. Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі 42
  2. Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі 9 А
  3. Кентау қаласы, Абай көшесі 10 Г
  4. Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі 2 Д
  5. Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы, Жеңіс көшесі 10
  6. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Аббасов көшесі 6/5
  7. Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, М.Әуезов көшесі 2 А
  8. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі 66
  9. Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Исмайлов көшесі 39 А
  10. Созак ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек Жолы көшесі 2
  11. Келес ауданы, Абай ауылы, Артықов көшесі 225
  12. Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Байботаев  28 Б
  13. Толеби ауданы, Ленгер қаласы, А.Бектаев 80
  14. Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Д.Қонаев көшесі 16 А
  15. Шардара ауданы, Шардара қаласы, Ашіров көшесі 38
  16. Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Шәкәрім көшесі 1 А
  17. Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин 22 А

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер