«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңестің мақсаты мен міндеттері

Өңірлік кеңес өңірлік палатаны бақылайтын бизнес субъектілерінен және делегаттардан, сонымен қатар, Ассоциаиция өкілдерінен тұрады. 

Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы облысымыздың 25 бизнес өкілдерінен тұрады.

Бизнес-қауымдастықты нығайту, облысымыздағы бизнесті дамыту мақсатында және кәсіпкерлердің мәселелерін шешуде Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің ішінен 7 салалық комитет құрылған:

  1. Ауылшаруашылық комитеті;
  2. Тағамдық, жеңіл, өңдеуші кәсіпорын комитеті;
  3. Құрылыс және құрылыс материалдарын өңдейтін комитет;
  4. Сауда-саттықты дамыту комитеті;
  5. Білім, медицина және әлеуметтік дамыту салаларының комитеті;
  6. Қызмет саласын дамыту комитеті;
  7. Энергетика және өнеркәсіп комитеті.

Қазіргі таңда Комитеттерді Түркістан облысындағы 19 салалық ассоциациялар және 700-ге жуық кәсіпкерлерді біріктіреді.Комитеттердің тұрақты мүшелерінің саны - 109.

Өткізілген жиналыстардың саны - 45. Жиналыста 34 суұарқ қарастырылған, оның 20-сы оң нәтижемен шешілді.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер