«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге көмек: есепті бақылаудың балама құралдарының тізімі

2017 жылғы 03 Шілде
5222 просмотров

Есептеуге арналған құралдар баламаларының тізімі берілді

«Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерінің Ақмола облысы Бұланды ауданындағы кәсіпкерлермен кездесуі барысында бірқатар мәселе көтерілді. Олардың ішінде резервуардан немесе мұнай өнімдерінің базасынан мұнай өнімдерін бөлшектеп өткізушілерге арналған мұнай өнімдерін есептеуді бақылау құралын орнату мәселесі де айтылды.

Бизнес өкілдерінің айтуынша, баға мониторингін жасауда, есептеуді бақылаудың бір құралының құны 26 250 000 теңге, ал 11 резервуар үшін 288 750 000 теңге болатынын айтып, бұл қаражатқа кәсіпкерлердің шамасы келмейді.

Өз кезеңінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне есептеу бірыңғайлығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе реестріне енгізілген және қазіргі таңда есептеуді бақылау құралының баламасын іздеу әрі кәсіпкерлерге бағасына қарай тиімдісін таңдау мүмкіндігін беру мақсатында ҚР заңманасына сәйкес қолдануға берілген  есептеуді бақылау құралының тізімін беру өтінішімен жүгінді.

Өлшеу құралдары: шығынды өлшейтіндер

Өлшеу құралдары: деңгейді өлшейтіндер

Өлшеу құралдары: тығыздықты өлшейтіндер

Өлшеу құралдары: температуралар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер