«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасы мен Халықаралық қазақ-түрік университеті өзара ынтымақтастықты нығайтпақ

2018 жылғы 24 Желтоқсан
- Түркістан облысы
11516 просмотров

Түркістан қаласында облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов пен ХҚТУ президенті Болатбек Әбдірасыловтың қолымен бекітілді.

Келісімнің мақсаты білікті кадрларды даярлау сапасын арттыруға, жастар кәсіпкерлігін дамытуға және студенттердің бизнес-идеяларын коммерциализациялауға бағытталған.

Ынтымақтастық бағыттары аясында –облыстың экономикалық және басқа салаларды дамытуға ықпал ететін жобаларға студенттерді тарту, сұранысқа ие кадрлардың  мониторингін жүргізу  бойынша бірлескен жұмыс, студенттердің бизнес жобаларын коммерцияландыруға жәрдемдесу, инвесторларды тарту арқылы студенттердің стартаптарын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстар, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік процестерді бірлесіп зерделеу, кәсiпорындармен қосарлы оқытуға арналған келiсiмшарттар жасауға жәрдемдесу; бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, маңызды тақырыптар бойынша әлеуметтік іс-шаралар өткізу, таныстыру, оқыту, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелер және басқа да іскерлік серіктестіктер түрлерін көрсету көзделген.

Сонымен қатар, Палата елдегі жетекші университетің біріне бизнес-тренерлер мен табысты кәсіпкерлерді шақыру арқылы, бизнес ашу және жүргізу дағдыларын үйретіп, бизнесті дамыту бойынша мамандардан консультациялық қолдау алып, бизнес-жоспарлар мен іске қосу жобаларын дайындау бойынша семинарларды ұйымдастырмақ. Сондай-ақ, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары базасында ХҚТУ студенттерін тағылымдамадан өтуге және оларды әрі қарай жұмысқа орналастыруға септігін тигізбек.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауовтың айтуынша, меморандумның мәні жұмыс берушілер қажет ететін мамандық түрлерін, түлектердің жұмыс орындары үшін қажетті мамандықтарымен сәйкестендіруге жәрдемдесу болып табылады.

Айта кетейік, жалпы облыс бойынша 2 жоғарғы оқу орны мен 66 колледж бар. Жыл сайын білікті мамандар даярлауға мелекеттен 17 млрд. аса қаражат бөлінеді. Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстандағы тұңғыш халықаралық мәртебеге ие болған түркітілдес елдердің бірден-бір жоғары оқу орны. Университетте 10 мыңға жуық студенттер білім алуда, оның 20%-ы  әлемнің 18 елінен келген шетелдік студенттер. Оқыту қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 Осылайша, ХҚТУ мен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы жемісті ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін тараптар жобаларды бірлесіп іске асыруда, аймақтағы бизнес-қоғамдастықты дамыту және нығайтуда табыстар тіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер