«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда өңір кәсіпкерлеріне арналған ашық есік күні өтті

2019 жылғы 12 Ақпан
- Түркістан облысы
9368 просмотров

 Түркістан облысының қалалары мен аудандарының кәсіпкерлері мен жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады.

«Адал кәсіп – адал нәсіп» бағдарлама аясында ұйымдастырылған тұңғыш бейресми кездесу Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Олжас Каржауовтың, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаев, Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы орынбасары Еркін Елшібеков, Несиемен қаржыландыру мекемелері басшыларының қатысуымен өтті.

Кездесуді ашқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, кәсіпкерлерге бұл алаңда бизнеске кедергі келтіретін мәселелерін ашық айтуға шақырды.

«Мұнда мемлекеттік органдар тарапынан түрлі әкімшілік кедергілер мен шектеулер туралы, соның ішінде заңсыз тексерулер туралы ашық айтуға болады. Біз кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін барлық фактілерді қарастырамыз », – деді әкім орынбасары Ербол Тасжүреков.

Кездесуде кәсіпкерлер бизнесті дамытуға кедергі келтіретін проблемалар мен әкімшілік кедергілер туралы ашық айтты.

Өз сөзінде Түркестан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов кәсіпкерлермен тиімді ынтымақтастық туралы айтып берді.

«Түркістанда Облыстық палата ашылғалы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 100 өтініш қаралды, олардың жартысына жуығы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Қалған өтініштер үшін Палатаның қызметкерлері мен тиісті органдар мәселелерді шешуге  шаралар қарастыруда. 2018 жылы 4654 кәсіпкер қаржылай емес қолдау қызметіне жүгінді. 1379 жоба 3,6 млрд. теңге көлемінде сүйемелдеу жасалды. Сондай-ақ, облыстың әрбір өңірін зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасы жалпы сомасы 530 млрд. теңге болатын 36 инвестициялық жобаны анықтады. Қазір бұл жобаларды іске асырып сүйемелдеу жұмыстары жүргізілетін болады», – деді ол.

Ол сондай-ақ, Палата Түркістан кәсіпкерлеріне үлкен қолдау көрсететінін атап өтті. Біздің міндетіміз - кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік келіссөздер үдерісін үкіметпен күшейту және кәсіпкерлерді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу процесіне тарту.

Айта кетейік, Ашық есік күндері жергілікті әкімдердің қатысуымен әр айдың 20-сы күні Түркістан облысының барлық аудандары мен қалаларында өтеді. Егер мәселе шешілмесе, ол мәселе облыс әкімдігі деңгейінде қарастырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер