«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2019 жылғы 12 Ақпан
- Түркістан облысы
9374 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі облыс кәсіпкерлерінің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды

Құжат Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмұт және әдеп жөніндегі уәкіл Әмірдин Әлішевтің қолдарымен бекітілді.

Ынтымақтастық бағыттары арасында кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік қызметкерлердің этикалық мәдениетін көтеру туралы ақпарат және материалдармен алмасу қарасытырлыған.

Келісім сондай-ақ, өзекті мәселелер бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, өзара серіктестік жүзеге асырылатын және мәселелерді шешу үшін өзара тиімді кеңес беру, бірлескен жұмыс кездесулері мен жиналыстарды өткізу және ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелерін шешуге жедел әрекет етуді қарастырады.

«Бәріңіз білетіндей, кәсіпкерлер еліміздің экономикасына күш-куатын беретін негізгі ресурс болып табылады. Әлемде экономикалары алғашқы қатардағы елдерде мемлекет және бизнес арасындағы қарым-қатынас өте жоғары деңгейде. Олар бір-біріне кедергі жасамайды, керісінше көмек көрсетуде. Біз осындай қарым-қатынастың деңгейге жетуіміз керек. Осы меморандум кәсіпкерлерге қарай жасалған өте дұрыс қадам. Өз тарапымыздан «мемлекеттік қызметкерді»  жоғары деңгейге көтеруге үлес қосатынымызға сенімдіміз», – деп атап өтті Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмұт.

Қорытындылай келе, тараптар бірлескен іс-әрекеттер кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық бұзушылықты азайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер