«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жағдай екі күн ішінде шешілмек

2019 жылғы 14 Наурыз
- Түркістан облысы
9084 просмотров

Сарыағаш ауданына қарасты «Қазығұрт» бақылау бекетіндегі Қазақстан-Өзбекстан шекарасында Қазақстаннан тауарлар тасымалдайтын жүк көліктерін өткізуге рұқсат бермейтіні туралы хабарлама Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына келіп түсті

Жүргізушілер айдың басынан бастап Өзбекстанға кіру үшін жүздеген жүк көлігі кезек күтіп тұрғандығын айтып, наразы. Олардың айтуынша, тек Қазақстаннанның жүк көліктері ғана өз кезегін күтуде.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мәселені реттеу үшін шекараға шығып,  «Қазығұрт»  кеден бекетінің бастығы Сүндет Молдашевпен кездесті.

Оның айтуынша, «Қазығұрт» кеден бекетінің шекарадан жүк көліктерін нормативті өткізу қабілеттілігі тәулігіне 50 жүк көлігі шығарылып,  50 жүк көлігінің кіргізіледі екен. Дегенмен, іс жүзінде бекеттің өткізу қабілеті бір бағытта тәулігіне 100 жүк көлігіне көбейтілуі мүмкін.

Алайда, 6-7 наурыз аралағында «Қазығұрт» бекетінде экспорттық ақпарат жүйесінде ақау пайда болғандығы салардарынан 300 ден аса жүк көлігі бекетте тұрып қалған. Ал шекараға күн сайын 30-ға жуық жүк көлігі келуде.

Қазіргі уақытта «Қазығұрт» шекарасында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүшелерінен құралған комиссия жұмыс жасауда. Комиссия мүшелері 13 наурызда  жүк тасымалын Өзбекстанға қарай 100 жүк көлігіне дейін арттырды. 12 наурызда Өзбекстанға 97 жүк көлігі кірген болатын. Комиссияның болжамына сәйкес, жағдай келесі екі күн ішінде шешілетін болады.

«Жүк көліктерінің шамамен 80%-ы Ресейден теміржол арқылы көбіне Шымкент стансасына келіп, ары қарай жүк көліктеріне тиеп, Өзбекстанға жөнелтетін ағаш өнімдерін тасуда. Ресей тарапы ағаш өнімдерін тікелей темір жол арқылы Өзбекстанға жөнелтетін болса шекарадағы жүк азаятын еді», – деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық сұрақтар жөніндегі орынбасары Жомарт Махмұт.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер