«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда индустриялық аймақ қарқын алуда

2019 жылғы 08 Сәуір
- Түркістан облысы
10235 просмотров

Облыс орталығы мәртебесін алған сәттен бастап Түркістанда ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласы жоғары қарқынмен дамып келеді

Қазіргі Түркістан – бүкіл әлемге әйгілі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ғана емес, облыстың өнеркәсіптік және логистикалық орталығы. Миллиондаған өнім айналымы бар ондаған кәсіпорын жергілікті индустриялық аймақта жұмыс істеуде.

Түркістан индустриялық аймағында 20 кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылы олар 2,6 миллиард теңгеге өнім өндірді.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров, индустриялық аймақтағы бірқатар өндіріс орынарын аралаған болатын.

Сапар барысында Дінмұхамед Әбсаттаров «Фараб» ЖШС комбинатында  болып, өндірістік орнымен, өнім дайындау технологиясымен танысты, сондай-ақ проблемалық мәселелерді тыңдады.

Компанияның айрықша ерекшелігі өндірістің заманауи технологияларын қолдануында, бұл өнімнің гигроскопиялығына теріс әсер ететін тауарлық түрін жақсартушы химиялық заттарды қоспай, кез келген сұрыпты мақта талшығынан жоғары сапалы мақта өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.

Алайда компания өндіріс көлемін айтарлықтай төмендеген және сыртқы нарықтарда өткізу қиындықтарын бастан кешуде. Өйткені, Қазақстан ЕАЭО-ның ортақ нарығына кірді, сондай-ақ Өзбекстаннан экспорт пен импорт бөлігінде шектеулер алынып тасталды. Бұл кәсіпорын кәсіби мамандармен қамтамасыз етілгендігі қуантады, қазір олар өнімнің өзіндік құнын арзандатумен, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарын іздестірумен айналысуда.

Сонымен қатар, облыстық палата директоры «Grand Mix» жиһаз фабрикасына болды. Бүгінгі күні мұнда 140 адам еңбек етуде, олар күн сайын 230 дана дайын өнім шығаруда.

Жиһаз өндірісі – өңір бизнесінің әлеуетті бағыттарының бірі.

Сондай-ақ, индустриялық аймақ аумағында POS-терминалдар шығара бастады. Үлкен және кіші терминал бағдарламасын «Silk way» университетінің ғалымдары әзірледі. Жоба 2017 жылы «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы атанған. Оның жалпы құны 297 млн теңгені құрады, ал оны «Нұрлы назар» ЖК жүзеге асырып отыр.

Жыл сайын мұнда мыңдаған POS-терминал және 200 өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы шығарылатын болады.

Сонымен қатар, индустриялық аймақтың аумағы 300 гектарға дейін ұлғайып, заманауи зауыттар мен фабрикалар салынатын болады. Бүгінгі күні шетелден инвесторларды тарту бойынша жүйелендірілген жұмыс жүргізілуде.

Палата өз тарапынан кәсіпкерлерге бүгінгі күні қажетті барлық сервистік қызмет түрін көрсетуге дайын екендігін көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер