«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан кәсіпкерлері бизнесті дамытудың мәселелерін талқылады

2019 жылғы 09 Сәуір
- Түркістан облысы
8329 просмотров

Түркістанда Қайнар Абасовтың төрағалығымен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті

Кеңесте Түркістан облысы бизнесінің бастамаларына қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Кеңесте бірінші қаралған мәселе, бұл мемлекеттік бағдарламалардың барлық шаралары бойынша бизнеске қызмет көрсетудің "бірыңғай терезесін" құру. Осылайша, бизнестің мемлекеттік даму институттарымен тікелей өзара іс-қимылын болдырмау.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаровтың айтуынша, бұл шаралар мемлекеттік қолдаудың қандай да бір шаралары бойынша бизнестің шағымын қаралу сапасы мен жылдамдығын айтарлықтай жақсартады.

Сондай-ақ, кеңесте жыл сайын нашар игеріліп, сыбайлас жемқорлық үшін негіз болатын қайтарымсыз субсидиялардың орнына агроөнеркәсіптік сектор үшін арзан және ұзақ несиелер құралының бастамасы талқыланды.

Кеңес мүшелері сондай-ақ бизнес және жалпы аймақ экономикасындағы микроқаржылық ұйымдардың рөлін күшейту мәселесін қарастырды.

Өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов Палатаның өзінің микроқаржылық ұйымы болуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу барысында өңірлік кеңес құрамына үміткерлер де қаралып, келісілді. Аймақта шағын және орта бизнестің дамуына пайдалы болатын  Түркістан облысының әр ауданынан түрлі салаларда жұмыс жасайтын 15 кәсіпкер таңдалды.

Жиын соңында, өңірлік кеңестің мүшелеріне бизнесті қолдаудың жаңа жеңілдетілген бағдарламасы таныстырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер