«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда Кәсіпкерлер палатасы мен Әділет департаменті ынтымақтастықты нығайтпақ

2019 жылғы 11 Сәуір
- Түркістан облысы
9589 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы және облыстық Әділет департаменті кәсіпкерлік мәселелерді бірлесіп анықтау, сонымен қатар оларды шешуге, осылайша аймақтағы іскерлік ахуалды жақсартуға келісті

Құжат Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаровтың және облыстық Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараевтың меморандумға қол қоюымен бекітілді.

Меморандумның мақсаты – аймақтағы кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін, тиімділік пен ашықтық қағидаттары негізінде бірлескен және келісілген іс-шараларды қабылдау.

Тараптар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелік проблемаларды және кедергілерді айқындау, сондай-ақ кәсіпкерлікте заң үстемдігінің бұзылуын анықтау және жою бойынша шаралар қабылдау бойынша ынтымақтастықты дамытады.

«Біз Әділет департаментімен бірлесе отырып, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасауға тырысамыз. Әділет органдарында тіркелу арқылы кәсіпкерлік қызмет басталады. Біз орталық деңгейдегі нормативтік құжаттардағы әкімшілік кедергілерді азайту үшін бірлесіп жұмыс істейміз. Бұл ынтымақтастық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және олардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге көмектесетініне сенімдімін», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

Ол сондай-ақ, сараптама қорытынды бойынша 24 мыңнан аса қорытынды берілген, олардың 652 қорытындасы ескертумен берілген. Соның ішінде Түркістан облысында 49 жобаның 11-і ескерту берілген.

Сонымен қатар, Палатаға кәсіпкерлерден әртүрлі өтініштер түсетінін ескере отырып, тараптар бұл құжат өздерінің ынтымақтастығын нығайтып және кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге үлес қосатын диалог алаңын құруға және бірлескен күш-жігер арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді анықтайтындығына сенімді.

Өз кезегінде облыстық Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев Кәсіпкерлер палатасымен меморандумға қол қою өңірдегі бизнес-қауымдастықпен тығыз ынтымақтастық орнатуға көмектесетінін атап өтті. Тұрақты негізде мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтар мен кәсіпкерлердің қатысуымен бірлескен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер