«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мақтаарал ауданында іскер әйелдер форуымы өтті

2019 жылғы 29 Сәуір
- Түркістан облысы
9918 просмотров

«Әйел және бизнес» атты Мақтаарал ауданында өткен іскерлік кездесу 100-ге жуық әйел кәсіпкерлерді жинады. Форум әйелдер кәсіпкерлігінің өсуін ынталандыруға, өз ісін дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Форум алдында ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп, өз өнімдерін белгілі және өз өнімдерін жақында ашылған белгілі кәсіпорындар ұсынды.

«Біз ауылдық жерлердегі белсенді әйелдерге өз ісін бастауға көмектесеміз, ал мұндай әйелдер өте көп. Егер оқытып, кеңес берсе, онда әрбір әйел кәсіпкерлікпен табысты айналыса алады.  Бүгін біз барлық ауылдық округтерден кәсіпкер әйелді жинадық, ондағы мақсатымыз әйелдердің өзара тәжрибе алмасып, пікірлерін тыңдау», – деп атап өтті Түркістан облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенова.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Жанна Тілеубекова қатысушыларға кәсіпкерлік қоғамы пайдалана алатын қолданыстағы қолдау бағдарламаларымен таныстырды.

Ол облыстағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының артықшылықтары мен тиімділігі туралы айтып, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа жеңілдетілген бағдарламасына егжей-тегжейлі тоқталды.

Бүгінгі таңда облыста 134 мың кәсіпкерлік субъектісі бар. Олардың 30%-ы бизнес-ханымның жетекшілігінде.

Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов кәсіпкерлерге аудан мен жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, форум тәжірибе мен пікір алмасу алаңына айналғанын атап өтті.

Айта кету керек, Мақтаарал ауданында шағын және орта бизнес саласы белсенді дамып келеді. Ауданда 10 мыңға жуық кәсіпкер бар. Қазіргі уақытта «Бастау» жобасы бойынша бірінші лекте 45 адам оқытылды. 200-ден астам азамат кәсіпкерлікті дамытуға қолдау тапты. Биылғы жылы Биыл «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы көктемгі егістік жұмыстары үшін 6%-бен 158 жобаға 293,340 млн. теңгеге құжаттар тапсырылып, 80%-ы қаржыландырылған.

Форум соңында жаңа міндеттер мен жұмыс жоспарлары белгіленді, сондай-ақ, аудан әкімі Түркістан облысының іскер әйелдер төрайымымен бірлесе отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар кәсіпкер әйелдерді алғыс хаттармен марапаттады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер