«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық кәсіпкерлерге жеке кәсіпті тиімді басқару дағдылары үйретілуде

2019 жылғы 19 Тамыз
- Түркістан облысы
8824 просмотров

Түркістанда шағын және орта бизнес өкілдерінің жоғары және орта буын жетекшілеріне арналған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі басталды

Жобаға қатысуға ниет білдірген Түркістан облысының 60-тан астам кәсіпкерлері бизнес-тренингтерден өтіп, басқарушылық сапасын, бизнес жобалау, тайм-менеджмент келіссөздер технологиясы, біліктілікті жақсарту, халықаралық ынтымақтастық бизнес-жоспарды әзірлеуге қажетті тиімді презентациялар, кәсіпорынның шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен дамыту саласы бойынша дағдылар мен білім алады.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Жанна Тілеубекованың айтуынша, жоба Түркістан қаласында алғаш іске асуда.

«Бүгін «Іскерлік байланыс» қатысушылары оқуға кірісті. Мұнда тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен кәсіпкерлікті, маркетингті жүргізудің, сондай-ақ бизнес-серіктестермен іскерлік байланыстар орнатудың қазіргі заманғы әдістері зерделенетін болады. Қатысушылар өз бизнесін барынша тиімді басқаруды, мақсаттарды дұрыс қоюды, осы мақсаттарға жету бойынша қадамдарды, жаңашылдықтарды үйренеді», – деді Жанна Тілеубекова.

Түркістан қаласында оқу екі апта жалғасады. Осы уақыт ішінде жобаға қатысушылар бірнеше бизнес-жаттықтырушылармен жұмыс істей алады. Оқыту барысында қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорнының немесе өнімінің бизнес-жоспарларын әзірлейді.

Ал екінші кезеңге – шетелдік бизнес-тағылымдамадан ең белсенді, табысты және өзінің жұмыс бизнес-жоспарын ұсынатындарды іріктейтін болады. Қатысушының Қазақстаннан тағылымдамада өететін шетелге  барумен байланысты шығындар мен қатысушының шетелде орналасуы шығындарын өтеп береді.  Осылайша, өзі үшін ең аз шығынмен кәсіпкер озық шетелдік өндірістерге барып, олардың тәжірибесін болашақта өз өндірісінде қолдана алады. Сонымен, бір ай ішінде қатысушылар өз саласы бойынша шетелдік кәсіпорындарда болады және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орната алады. Екінші  кезең Германияда өтеді.

Сонымен қатар, «Іскерлік байланыс» жобасының қатысушылары жаңа жұмыс орындарын құрып, өз өндірісін жаңғыртып, отандық және шетелдік бизнесмендермен келісім – шарттар жасайды, осының барлығы елдің экономикалық өсуіне үлкен үлес қоспақ.

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар курстарды сәтті аяқтағаны туралы сертификат алып, Германияға бару үшін бағдарламаның екінші кезеңін конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Оқыту бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіледі. Бүкіл елден 500-ден кем емес қатысушы бар, олардың 50-і ғана Германияға аттанады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер