«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысының шенеуніктері кәсіпкерлерге кедергі жасауын жалғастыруда

2019 жылғы 29 Қараша
- Түркістан облысы
9697 просмотров

Түркістандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында жеке кәсіпкер Батыр Тіленнің шағымы талқылады. Кәсіпкер әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданды

Кәсіпкердің айтуынша, оның Ордабасы ауданында орналасқан нысаналы мақсаты автокөліктерге көлік тұрағы ретінде рәсімделген жеке жер учаскесінің бір бөлігі мемлекет тарапынан алып қойылған.

Алайда, жер телімі барлық талаптарға сәйкес болғанына қарамастан, полиция бөлімінің қызметкерлері автокөліктерге автотұрақ аумағына кіруге мүмкіндік бермей, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген.

Оның үстіне, аумаққа кірер кезде жиектастар төселген болатын, бірақ бүгінгі таңда Ордабасы аудандық филиалы қызметкерлерінің араласуы нәтижесінде алып тасталынды.

Сондай-ақ, жеке меншік құқығына тиесілі жер учаскесінде қандай да бір ескертусіз жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жер учаскесін аббаттандыру бойынша құрылыс–монтаж жұмыстарын жүргізген, яғни арка салынып, демалуға арналған орындықтар қойылған.

Материалды зерделей келе, Палата қызметкерлері Қажымұқан ауылдық округінің әкімдігі заңға қайшы келетін қаулы шығарғаны анықталды, атап айтқанда: «нысаналы мақсатын өзгерту туралы» санды шешімнің күшін жою туралы көрсетілген;

Екіншіден, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне - "Азаматтарға арналған үкімет" МК  ЖЕАҚ филиалына осы учаскеге жеке меншік құқығы туралы актінің күшін жою тапсырылған. Алайда, бұл ЖАО функциясына кірмейді.

Сонымен қатар, қаулы қандай да бір ескертусіз және себепсіз шығарылды. Және осы қаулының шығарылуына қажеттілік болды ма?

«ҚР Жер кодексінің 93-бабына сәйкес, егер жер учаскесі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылса, онда мұндай жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Меншік иесі келіспеген жағдайда, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жердегі сот тәртібімен жүргізіледі»,- деп атап өтті кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің  басшысы Зухра Амирова.

Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Анарбек Әбдіқұлов бас жоспарға сәйкес кәсіпкер жерінің бір бөлігі қызыл сызықта екенін айтты.

«Аудан ортасын жақсарту үшін біз кәсіпкердің жерін тартып алуға мәжбүр болдық. Заңға сәйкес, біз кәсіпкерге басқа жер телімін беруге немесе келтірілген залалды өтеуге дайынбыз», – деді сөзін жалғап.

Кеңес төрағасы Орынбасар Қабіштаев бұл Ордабасы ауданындағы кәсіпкерлердің жер учаскесін тәркілеу бойынша бірінші жағдай емес екенін атап өтңп, облыс әкімдігіне жағдайды жан-жақты зерттеп, ымыраға келуді ұсынды.

Кеңес мүшелері тиісті акт шығарылғанға дейін және заңнамада белгіленген рәсімдер жүргізілмей, заңнама талаптары және сол арқылы меншік иесінің құқығын бұзылғандығын айтып, материалдарды Түркістан облысының прокуратурасына және Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментіне материалды тексеру жүргізу үшін жолдау және заңбұзушылықтарға жол берген ЖАО және Ордабасы ауданының ПБ қызметкерлеріне қатысты тиісті шара қолдану үшін жолдауды шешті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер