«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС-і «Ұлы дала елі» брендінің жеңімпазы атанды

13 Желтоқсан 2019 - Қызылорда облысы
1175 просмотров

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан дәстүрлі «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары мен «Қазақстанның үздік тауары - 2019» республикалық көрме-байқауы жеңімпаздарын марапаттау шарасында отандық өнімді экспорттаушылар арасында еліміз бойынша қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС үздік деп танылып, «Ұлы дала елі» ортақ брендінің жеңімпазы атанды.

Шарада «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев компания басшысы Мұрат Сәрсенбаевқа жүлдені табыс етті.

Айта кету керек, «Ұлы дала елі» сыйлығын 2016 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындады. Ол үздік  тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге өз тауарын халықаралық нарықта ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды бәсекеге қабілетті етеді. Жеңімпазға «Ұлы дала елі» ортақ брендін жарнамалық мақсатта қолдану құқығы 5 жыл мерзіміне беріледі.

Ақпарат үшін:

 «АБАЙ ДӘУЛЕТ» ЖШС – күріш өндірісімен айналысады. 2016 жылы құрылған. Жұмысшылар саны – 100-ге жуық.  Кәсіпорын директоры – Сарсенбаев Мұрат Абайұлы. Кәсіпорынның басты кәсібі – күріш өңдеу. Шаруашылықта заманауи, жоғары автоматтандырылған күріш зауыты бар, Бесарық және Байтабын шаруашылықтары жаңа прогрессивті технологияларды және техникалық жаңаруды қолдану арқылы күріш өнімділігін тұрақты түрде арттыра отырып күрішпен қамтамасыз етуде.Жыл сайын нарыққа шығатын өнім көлемі артып келеді. Күріштің бірнеше түрлерін өндіреді. Кәсіпорында қалдықсыз өндіріс жолға қойылған. Күріш қалдықтарын жем дайындауға пайдаланады.  Өнім Қазақстанның барлық облыстары мен ТМД елдеріне экспортталады. Шаруашылық күріш өндірумен бірге төрт түлік мал өсіруменде айналысады. Қылыш құйрықты қара қойды тәжікстандық түрімен будандастырды. Шаруашылықтағы қошқарлардың салмағы 140 келіге дейін барады. Ал аналықтары 70-80 келіге жетеді. Жылына 110-120 төл алып отыр.Түйе төлі басы 60-қа жеткен. Күніне 150 литр шұбат дайындалып, облыс орталығына жөнелтілуде. «Абай Дәулет» серіктестігінде мал азығы да дайындалады. Сағатына 3 тонна өнім өндіретін шағын зауыт жұмыс істеп тұр. Кәіспорын басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары ұстанады. Шаруа қожалығы орналасқан елді мекендерді абаттандыру, асфальттау, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу, демалыс орындарын қалыпқа келтіру, спорттық-мәдени шараларға демеушілік жасау, мектепке жаңа спорттық құрал-жабдықтар алу сияқты бірқатар жұмыстарды абыроймен атқарып келеді.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер