«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Несие, сатып алу, жер «дауы»: түркістандық кәсіпкерлер қандай мәселелерге тап болуда?

2020 жылғы 05 Ақпан
- Түркістан облысы
8643 просмотров

2019 жылы Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен шағымдардың көп бөлігі жер қатынастарына 26%, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне 25%, несие беру 7,8% және сатып алу 6% қатысты болған

Бұл туралы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер алдында есеп беру кездесуінде айтылды. Іс шараға түркістандық жүздеген кәсіпкерлер жиналды.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, өңірлік кеңестің, іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ, басқарма, екінші деңгейлі банктер, қаржы институттары мен бірнеше мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кездесуді ашқан, оның модераторы, Өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов мұндай кездесу алғаш рет Түркістан қаласында өткізіліп отырғанын және кәсіпкерлерде барлық өзекті мәселелердің шешімін табудың тамаша мүмкіндігі туғанын атап өтті.

Есептік кездесудің ерекше жағымды сәті Түркістан облысы әкімі мен Мәслихат хатшысының атынан өңір кәсіпорындарының басшыларына алғыс хаттар табыстау болды.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясының филиалымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Түркістан облысының кәсіпкерлікті дамытудың 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, қол қойылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасары Мади Ибадуллаев 2019 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстар, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау, жобаларды сүйемелдеу, өңірде кәсіпкерлікті дамыту бойынша қабылданған шаралар туралы толық есеп берді.

«Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы бұрыннан бері өңірде қалыптасқан оң бизнес-климаты бар шағын және орта кәсіпкерлік өңірі болып табылады. Біздің өлкедегі адамдар өте еңбекқор және іскер. Бүгінгі таңда, біздің облыс шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны бойынша көшбасшы болып табылады және олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 8,5% артты (141,9 мың субъект)», – деп атап өтті ол.

10 миллиард теңге – дәл осы сомаға 2019 жылы кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы қорғады.

Директор орынбасарының айтуынша, 2019 жылы Палатаға 560 өтініш келіп түскен, оның 418 (75%) оң шешімін тапқан.

2019 жылы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау Кеңесімен бизнестің 10 проблемалық мәселесі қаралып, оның нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің пайдасына 3 мәселе оң шешімін тапқан.

Түркістан облысында 36 колледжде дуалды оқыту табысты жүзеге асырылуда. Осылайша, жалпы облыстың 48 947 студентінің 4 333 (9%-ы) студенті 36 мамандық бойынша 182 кәсіпорын базасында білім алуда. 2019 жылғы 696 колледж түлектерінің ішінде 587 (84%) жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ, Палата ЖАО-мен бірлесіп, оқу орындарын әкімшілендіру процесіне кәсіпкерлерді тарту бойынша  дайындық іс-шараларын жүргізді.

Осылайша,  облысымыздың 3 колледждерді бизнеске сенімгерлікке басқаруға берілді. Осылайша, кәсіпорындар өз базасында жоғары білікті, салалық мамандарды оқытып шығара алады. Колледждерді бизнеске сенімді басқаруға беру ең маңызды мәселелердің бірі – түлектерді жұмысқа орналастыруды шешеді деп күтілуде.

Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдауда Палата қызметінің оң нәтижелері де атап өтілді. 16 мың кәсіпкерге 20 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілген.

Айта кету керек, Еңбек бағдарламасы аясында 12 579 адам оқудан өтті, оның 7 933 адамы грант иегері атанып, жұмыссыз халықтың 24% жұмыспен қамтылды. Өңіріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағдарламаның үлкен серпіні бар десек қателеспейміз.

Қысқамерзімді оқыту бағыты бойынша 5 466 жұмыссыз азаматтар 3 айлық оқу курстарынан өтті. Оның 2 735 жұмыспен қамтылып, 1 477 түлегі 745,8 млн.тг грант иегері атанды.

Сонымен қатар, «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары шеңберінде 7 113 адам оқуды аяқтады. Оның аясында 2,7  млрд.тг сомасына 401 жоба іске асырылып, 3,2 млрд.тг сомасына 6 456 түлекке грант берілді.

Спикер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмысқа да тоқталды.

«Бүгінде, біздің сүйемелдеуде 61 432,9 млн теңге сомасына 315 жоба бар, оның ішінде құны 13,8 млрд.теңге құрайтын 74 жоба қаржы институттары мен банктерде қаралуда. Банктер 13 143,7 млн теңге сомасына 25 жобаны қаржыландырды, Аграрлық несие корпорациясы 1 091,7 млн теңге сомасына 49 жобаны қаржыландырды. Ал барлығы 14,2 млрд. теңгеден аса сомаға 74 жоба қаржыландырылды», – деді ол.

Жобалық кеңсенің шеңберінде бірқатар жобалар бойынша оңды шешілген мәселелер бар екендігі де сөз етілді.

Сондай-ақ, елімізде мақта және түйе саласын қолдайтын бірде бір мемлекеттік бағдарлама жоқ екендігін баса айтылды. Бұл ретте, бағдарлама аясында мақтаны өсіру және мақта талшықтарын қайта өңдеу бойынша жобаларды қажыландыру мүмкінді пайда болды. Нәтижесінде, жылдық айналымы 95 млн. АҚШ долл. құрайтын мақта саласының мәселесі шешілді. Бүл өңірдің экономикасына, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдаудың көптен бірінің жарық көрінісі.

Сонымен қатар, Түркістандағы «Golden Camel» cүт өңдеу зауытын шикізатпен  қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп Түйе шаруашылығын дамыту бойынша өңірлік бағдарлама әзірледі. Бұл ретте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие беру тетігі пысықталып, түйе бойынша қаржыландыру жүргізілуде.

Кездесуде сатып алу бөлімінің жұмыс нәтижелерін де айта кетті.

«Кәсіпкерлер палатасы бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың операторлары болғаннан бөлек, сонымен қатар отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында мемлекеттік сатып алуды зерделеп мониторинг жасаймыз. 2019 жылға арналған сатып алу жоспары 373 млрд. тг құрады. Оның ішінде жұмыстар - 245 млрд. тг, тауарлар - 37 млрд. тг, қызметтер - 91 млрд. тг.»,-атап өтті спикер.

2019 жылы Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның 16 отырысы өтті. Кәсіпкерлердің жергілікті қамту үлесінің нысанын міндетті толтыру бойынша шара жүзеге асырылды, нәтижесінде «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларының барлық төрт бағыты бойынша жергілікті қамту үлесінің оң нәтижелеріне қол жеткізілді: жиһаз өнеркәсібі – 62%, жеңіл өнеркәсіпте – 60%, тамақ өнеркәсібінде – 85%, құрылыс материалдары – 67%.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Кентау қаласындағы «Согдиана» балабақшасының негізін қалаушы, Түркістан облысы Қазақстан мектепке дейінгі ұйымдары қауымдастығының төрағасы Дилдар Хабибова жеке балабақшаларды жан басына қаржыландырудың жеткіліксіздігі туралы мәселе көтерді.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру әдістемесі Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2017 жылдың қараша айында бекітілген. Ол бойынша, 2018 жылдың ақпан айынан бастап балабақшаларда жан басына қаржыландыру нормасы 27 900,85 теңгені құрайды. Алайда, Түркістан облысында әлі күнге дейін бір балаға айына 20 988 теңге бөлінеді. Біз бұл мәселені бір жылдан бері көтеріп келеміз, бірақ әр түрлі себептерге сүйене отырып, жергілікті «қазынадан» қаражат қарастырылмағандығы туралы жауап алудамыз», - деп наразылығын білдірді кәсіпкер.

Өңірлік Кеңес төрағасы, облыстық Мәслихаттың депутаты Қайнар Абасов, бұл мәселе облыс мәслихаты отырысының күн тәртібіне енгізілгендігін және жан-жақты қарастырылатындығын жеткізді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер