«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында карантин кезінде кімдерге жұмыс жасауға рұхсат етілген?

2020 жылғы 20 Сәуір
- Түркістан облысы
8542 просмотров

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен меншік нысанына қарамастан барлық дерлік кәсіпорындардың қызметі тоқтатылды

18 сәуір күні сағат 24: 00-ден бастап Түркістан облысында карантин режимі енгізілді. Бұл ең алдымен облыс ауамғында кіруге және шығуға әсер етті.

Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік, заттар мен өнеркәсіп, құрылыс нысандарындағы және көктемгі егіс жұмыстарына қажет өндірістік тауарлар мен материалдар, медициналық заттар тасуға рұқсат қағазы бар автокөліктер мен азаматтар және медициналық көмек қажет болған азаматтар ғана облыс аумағына кіріп-шыға алады.

Атап өтерлігі, құрылыс саласы, көктемгі егіс науқаны, жұмыспен қамту жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары карантиндік режимге қарамай жұмысын тоқтатпайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы үшін қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жабылады.

Азық-түлік және киім кешек базарлары, тұрмыстық заттар сататын базарлар жұмысы тоқтатылады.

Мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары жұмысын жалғастырады.

Азық-түлік дүкендерінің жұмысы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі.

Қоғамдық тамақтану обьектілері: мейрамханалар, барлар, кафелер, асханалар жұмысы азаматтардың осындай кәсіпорындарға бармай, өз бетінше шығару немесе тапсырыспен жеткізу режимінде сағат 08.00-ден сағат 22:00-ге дейін шектелді.

"Біз бизнесті қабылданатын шараларға түсіністікпен қарауға, ал азаматтарды режимді, санитарлық және дезинфекциялық шараларды қатаң сақтауға шақырамыз. Сонымен қатар, біз бизнеске көмектесуге бағытталған ұйым ретінде кәсіпкерлердің қиындықтарға тап болғанын түсінеміз. Біз бұл шаралардың облыс тұрғындарын вирусты жұқтырудан барынша қорғау үшін енгізілгенін түсінуіміз керек",-деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының м.а. Мәди Ибадуллаев.

Осыған байланысты Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге жедел көмек көрсету штабын құрды.

Жедел штаб құрамына кіретін Палата қызметкерлері күн сайын "жедел желі" байланыс нөмірлері арқылы кеңес беріп, қажет болған жағдайда қала шекарасы арқылы көлікті өткізу мәселелерін шешу үшін блокбекеттерге де шығуда.

Түркістан облысының жедел штабының байланыстары:


Еншілес ұйымдар

Серіктестер