«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі өзін-өзі тарататыны жайында мәлімдеді

2020 жылғы 20 Маусым
- Түркістан облысы
10311 просмотров

Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің кезектен тыс онлайн форматында өткізілген отырысында  мүшелер Өңірлік кеңестің келесі құрамын сайлау мақсатында қазіргі құрамды өздігінен тарату туралы бір ауыздан шешім қабылдады.

Өңірлік кеңеске облыс экономикасының түрлі салаларында жұмыс істейтін 32 ірі кәсіпкер енген.

Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері: жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында қалада жұмыс істейтін жеке кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерін біріктіру; жергілікті басқару органдарының және бизнес-қауымдастықтардың келісілген инвестициялық саясатына көмектесу; инвестициялық ахуалды жақсарту және аймақтағы кәсіпкерліктің одан әрі өсуі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу; Әкімшілік кедергілерді азайтудан бастап қаржы институттардың мүмкіндігін ескере отырып, қаржы мәселелерін шешуге дейін – бизнестің барлық саласында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.

 Өңірлік кеңес Өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта көмек көрсетеді; басқару органдарымен қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға атсалысады;

Өңірлік кеңестің төрағасы – «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС  бас директоры Қайнар Абасов өз міндетін абыроймен атқарып келеді.

Ел басына күн туып, экономика мен әлеуметтік жағдай сын сағаттарда тұрғанда одан сүрінбей өту үшін ең алдымен бизнес өкілдеріне иек артылатыны жасырын емес. Облысымызда бірнеше рет орын алған апатты жағдайларда көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді түркістандық кәсіпкерлер абыроймен атқарып жүр.

Сайлау ағымдағы жылдың шілде айында өтеді деп күтілуде. Осы ретте Өңірлік кеңестің жаңа құрамы құрылғанға дейін қазіргі мүшелері өз өкілеттіктерін жүзеге асыруды жалғастыратын болады.

Түркістан облысының  әр кәсіпкері өз саласындағы кандидатқа дауыс беру арқылы  позициясын айтуға мүмкіндік алады.

Жиын соңында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков Өңірлік кеңес мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы бірқатар жүйелік мәселелерді шешуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Өңірлік кеңесті сайлауға қатысты мәләмет, жуық арада кәсіпкерлердің назарына жеткізіледі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер