«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлік негіздерін оқытатын түркістандық мұғалімдер өз біліктіліктерін арттырды

2020 жылғы 02 Қыркүйек
- Түркістан облысы
6213 просмотров

Түркістан облысының 300 оқытушысы "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні бойынша топтық практикалық оқуды аяқтап, сертификаттарын алды.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша мектеп мұғалімдерін қайта даярлау курсын екінші жыл өткізіп келеді.

Биылғы жылы қайта дайындау курсына облысымыздан 300 педагог қатысты. Курс ұзақтығы 108 академиялық сағатты құрайды. 3 лекке созылған онлайн форматтағы курсқа өңіріміздің төрт бизнес-жаттықтырушылары дәріс берді. Олар –  Дастан Қадіров,  Бақытжан Құралбаев, Шыңғыс Молжігітов, Мейірбек Түйебаев.  Барлығы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша мұғалімдерді оқытатын бизнес-тренер біліктілігін игерген мамандар.

Айта кетейік, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің кәсіпкерлік негіздері бойынша біліктіліктерін арттыру курсы 13 шілдеде басталған болатын.

Оқу курсына қатысушылар бағдарламада ұсынылған метериалдарды тәжірибеде қолданып, мектеп оқушыларына бизнес-пайымдау, бизнесті жүргізу дағдыларын үйретіп, кәсіпкерлік қызмет негіздерін геймификация арқылы бойыларына сіңіріп, сабақ барысын отандық және шетелдік кәсіпкерлердің бизнес-кейстеріне жағдаяттық талдау жасап, жобалық оқыту әдістерін іс жүзінде қолдана отырып жүргізе алады.

"Он күндік курс барысында біз бизнес-кейстерді пайдаландық, бағдарламаға сәйкес ойындар, сонымен қатар топтық жұмыс және бизнес-жобаларды қорғау өткіздік. Оқытушыларға жалпы кәсіпкерлік жайлы сауатты түсінік қалыптастырып, өңір ерекшелігіне байланысты  кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, заманауи жобаларды жүзеге асыру жолдары мен мемлекеттік бағдарламалар жайлы толық мағлұмат бердік»,-деп атап өтті бизнес-тренер Бақытжан Құралбаев.

Оқыту қорытындысы бойынша тестілеу форматында сапаға талдау, шағын сабақтардың презентациясына бағалау жүргізілді.

"Тестілеу нәтижелері білім сапасы көрсеткіштерінің өсу динамикасын көрсетті, өйткені көптеген оқытушылар курс басталғанға дейін осы пән бойынша алғашқы білімі болған жоқ. Тыңдаушылардың көпшілігінде өз пікірлерін айтуда, қорғауда, топтық талқылауларға қатысуда қиындықтары болды. Жеке әңгімелесу, тәжірибені, тыңдаушылардың өмірлік жағдайларын тарту арқылы бұл кемшілікті жоюға мүмкіндік туды. Жалпы, топтар өте қызықты, өз ісінің білгірлері, мақсатты, өзара түсіністік пен өзара көмек атмосферасы қалыптасты. Өз бизнесін құру және алған білімдерін оқушыларға беру мәселесіне үлкен қызығушылық танытты", - деп атап өтті бизнес-тренер Шыңғыс Молжігітов.

Мектеп мұғалімдері кәсіпкерлік және бизнес нарығымен таныс емес. Сондықтан, жалпы курстан басқа, жаттықтырушылар бизнестің не екенін және оқытудың заманауи әдістемелері туралы қосымша курс өткізді. Ол үшін менторлар мұғалімдерге осы пәнді қалай жүргізу керектігін егжей-тегжейлі көрсететін әдістемелік құрал жасады.

«Курс бойынша қашықтан оқыту форматында геймификация әдістерін қолдану мен бизнес-кейстерді талқылаудың өзіндік ерекшеліктері мен оқу процессінде қолдану мүмкіндіктері өте көп, мектептегі әріптестеріміз, меңгерген әдістемелерді оқушыларды оқытуда қолданады деген үміттеміз. Курсты аяқтаған әріптестерімен бизнес-тренерлеріміз қоштаспайды, әлі бір жыл бойы байланыста болып, әдістемелік, ақпараттық қамсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, шеберлік-сағаттарын өткізетін боламыз»,-деп қорытындылады бизнес-жаттықтырушылар.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер