Колледждерді сенімгерлік басқаруға ниетті кәсіпкерлер мәселелері қалай шешілмек?
Түркістан облысының 14 кәсіпорны 12 колледжді сенімді басқаруға қызығушылық танытып отыр. Алайда колледждердің 6-уы «Жас маман» жобасына кіргендіктен бұл мүмкін болмауда. Қайтпек керек?
Түркістандық кәсіпкерлер бұл мәселені Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевпен кездесуде көтерді.
«Жас маман» жобасына енген ТжКБ ұйымдарын сенімгерлік басқаруға алуға қызуғышылық танытқан кәсіпкерлер өзінің кәсіпорындарын таныстырып, сонымен қатар жоспарларын баяндады.
Жалпы, Қазіргі таңда облыс аумағында 64 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары бар болса, оның 31-і мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме қалған 33-і жеке меншік білім беру ұйымдары. Мемлекеттік тапсырыс аясында 46 625 студент білім алуда.
Түркістан облысының 11 колледжін сенімгерлік басқаруға беру туралы облыс әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы №211 қаулысы шыққаннан кейін, облыстың Кәсіпкерлер палатасына 14 ірі кәсіпорын басшыларынан өңірдегі колледждерді сенімгерлік басқаруға қызығушылық білдіріп, өтініштер келіп түсті.
Кәсіпкерлерді қызықтыратын 12 колледждің 6-ы "Жас Маман" жобасына енгізілген.
Осыған байланысты аталған колледждер ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 Бұйрығының 94-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруға берілмейді.
Осы мәселені шешу үшін Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановтың, адам әлеуетін дамыту департаментінің және қаржы және мемлекеттік активтер департаментінің өкілдерінің қатысуымен облыстық кәсіпкерлер палатасының Білім және медициналық даму комитетінің 2 кездесуі өтті. Сонымен қатар, Өңірлік кеңестің облыс әкімімен кездесуінде, облыстық мәслихаттың күн тәртібіне де шығарылды.
«Облыстық Палата бұл мәселені түрлі алаңдарда көтеріп келеміз. Алайда, БҒМ бұйрығына өзгерістер енгізіп, жобаға қатысатын колледждерді сенімді басқаруға беруге қол жеткізе алмай келеміз»,- деп атап өтті Палата директоры Тимур Нақыпбеков.
Кәсіпкерлердің мәселесін тыңдаған «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев «Жас маман» бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алулар өтіп, қажетті құрал жабдықтар алынған соң, бұл мәселенің оңды шешілуне ықпал етіліетіндігін жеткізді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: