Түркістандық бизнес-ханымдар ағаш отырғызды
Көшеттерді отырғызуды Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі Кентау қаласына қарасты Шаға ауылдық округінде орналасқан «Түркістан Бәйтерек» балабақшасынан бастады.
Түркістандық кәсіпкер әйелдер ағаштарды өз қаражатына сатып алған. Осылайша, балабақша айналасы көгалдандырылып, ыстық ауа райында қорғаушы көлеңке беретін ондаған ағаштармен толықтырылды.
ІӘК облыстың әртүрлі бөліктерінде осындай науқандарды жыл сайын өткізеді.
«Балабақша - бұл мектеп жасына дейінгі балалар күндерінің көп бөлігін өткізетін орын. Көптеген балалар үшін іс жүзінде екінші үйге айналған. Әрине, балалар үшін бақша аумағы да жайлы болғанын қалаймыз. Бүгін осы ниетпен 20 - ға жуық жас көшеттер отырғыздық", - деп атап өтті іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенова.
Акцияға балалар мен тәрбиешілер де қатысты.
"Ағаш отырғызу мектеп жасына дейінгі балалардың ағаштарды қорғауға, оларға қамқорлық жасауға деген ынтасын оятты. Алда балалардың үлкен жетістіктерге, өздерінің игі істері арқылы әлемді жақсартуға мүмкіндігі бар. Қайырымды іс кішігірім жақсылықтан басталмақ. Сондықтан ағаш отырғызу-үлкен және маңызды әрекеттерге алғашқы қадам. Біз экологиямызға, балаларымыз өсетін жердің келбетіне қамқорлық жасауымыз керек. Егер Біз болмасақ, онда кім? ",- дейді кәсіпкер Гүлмира Салыбекова.
Ескеретін жайт, ағаш отырғызудан бөлек Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері басқа да қоғамға пайдалы іс-шаралардың бастамашылдары мен орындаушылары болып табылады. Атап айтсақ, қала көшелерін абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша түрлі сенбіліктер, әйелдерге арналған оқыту семинарлары.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: