«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық кәсіпкерлер шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді сұрауда

2021 жылғы 25 Наурыз
- Түркістан облысы
5680 просмотров

Қазіргі таңда Түркістан қаласында қарқынды ауқымды құрылыс жүріп жатқандығы белгілі. 340-қа жуық нысан, зәулім ғимараттар бой көтеруде. Жұмыс күшіне деген қажеттілік оны қамтамасыз ету мүмкіндігінсіз күн сайын артып келеді. Тиісінше, бұл мәселе тапсырыс берушілердің алдындағы міндеттемелердің орындалуын "баяулатуда".

Ведомствоаралық комиссия шешімімен елімізге әлеуметтік маңызы бар компаниялардың шетелдік қызметкерлеріне кіруге рұқсат етілген. Алайда, 4 санаттағы шетелдік жұмыс күшіне кіру тоқтатылды.  

2021 жылы барлығы 4-санат бойынша Шетелдік жұмыс күшін тартуға 274 өтінім берілген, алайда олар бойынша бас тартылған.

Тапсырыс берушілер алдындағы өз міндеттемелерін орындау үшін кәсіпкерлер көбінесе жұмыс күшін тарту заңдылығын бұзуға мәжбүр болуда.

Бұдан басқа, бір ШЖК (шетелдік жұмыс күші) тартуға рұқсат беру үшін жоғары алым мөлшерлемесі -250 АЕК қарастырылған, бұл коорупциялық тәуекелдерге (кәмелетке толмаған балаларды тарту, шетелдік тұлғаларды заңсыз әкелу және т.б.) әкеп соғуда. 

Бұл бүгінгі күні кәсіпкерлерімізді толғандырып жатқан ең өзекті мәселер қатарында. Бұл мәселені Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшелері ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесуде де көтерген болатын.  

Кәсіпкерлеріміз жергілікті атқарушы органға шетелдік жұмыс күшінің сандық шегін белгілей отырып, оның өңірлерге кіруіне рұқсат беру мүмкіндігін қарастырып, қарау мерзімдері бөлігінде рәсімді оңайлатуды сұрады.  Сондай-ақ ШЖК тартуға арналған алым мөлшерлемесін 48 АЕК-ке дейін төмендетуді ұсынды.

Осы орайда, Палата Түркістан облысы бойынша ШЖК кадрларға қажеттілік бойынша сауалнама жүргізген болатын. 

«Түркістан облыс бойынша шетелдік кадрларға қажеттілік бойынша өңіріміздегі 73 ірі өндіріс компаниялары арасында сауалнама өткіздік. Сауалнама деректері бойынша сұранысқа ие шетелдік жұмыс күші саны 1 926 адамды құрайды. Ең көп сұраныс фармацевтика (25%), ауылшаруашылығы (25%), құрылыс (17%), құрылыс материалдарын өндіру (11%), өңдеу өнеркәсібі, жиһаз өндірісі мен балық шаруашылығы (4%) салаларында»,- деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.

Айтуынша, аудандарда ең үлкен қажеттілік Ордабасы ауданында (723), Түркістан қаласы (397), Шардара (175), Бәйдібек (130), Жетісай (180), Сайрам (99) аудандарында байқалады.

Аудан кәсіпкерлері ШЖК негізгі санын Өзбекстаннан (80%), Ресейден (17%) және Қытайдан (3%) тартқысы келетінін көрсеткен.

Сұрау салынған 1 926 адамның ішінен 4% (76 адам)  ІІ және ІІІ санатты мамандар құраса, қалған 96% - ы әр түрлі жұмысшылар, яғни ІV санатты.

Айта кетейік, шетелдік жұмыс күші кәсіпкерлерге қаржылық жағынан да тиімді болмақ, себебі жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыз азаматтар кәсіпорындар ұсынған жалақы үшін жұмыс істеуге барғысы келмейді. Ал еңбекақының артуы кәсіпорынның қосымша шығыстарына әкеледі. Жұмыссыз халықтың дені бейінді білімі жоқ, денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істей алмайды. Барлық осы факторлар шетелдік жүмыс күшіне сұранысқа әкеледі.

Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша «Атамекен» ҰКП атынан ҚР Премьер-Министрі Ералы Тұғжанов атына тиісті хаттар жолданды. Аталған мәселе өз шешімінм тапқанша жұмыстар жалғасатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер