Жанар-жағар май тапшылығынан жұмыстары тұралап қалған шаруалардың мәселесі комитет отырысында талқыланды
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында жанар-жағар маймен қамтамасыз етудегі орын алған келеңсіз мәселелерді талқылау үшін Өңірлік кеңес жанындағы Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі комитетінің кезектен тыс отырысы өтті.
«Атамекен» ҰКП-ың Базалық салалар және экология департаментінің атсалысуымен жиынға ҚР Энергетика министірлігінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, облыстық Ауылшаруашылығы басқармасының, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС мен «PETROSUN» ЖШС өкілдері және Түркістан, Жамбыл, Алматы облысы және Шымкент қаласының кәсіпкерлері де онлайн қатысты.
Түркістан облысының аумағында 13 маусымнан бастап байқалған жанар-жағар май тапшылығы салдарынан Түркістан облысының оңтүстік өңірлеріндегі егін жинау жұмыстарына және жеміс-көкөніс өнімдерінің белсенді экспорты кезеңінде теріс әсер етіп, өнімдер уақытылы тиелмей жатыр. Салдарынан шаруарлардың өнімі жарамсыз болып қалуы мүмкін. Осындай қауіп бар.
Энергетика министрлігі өкілі Мұрат Тұрдыбеков тапшылықтың негізгі себебін түсіндірді. Оның айтуынша, 6 мамырдан 10 маусымға дейінгі аралықта «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да жоспарлы жөндеу жүргізу салдарынан орын алған.
Ол бүгінде жөндеу жұмыстары аяқталып, оңтүстік өңірлерге 20 мың тонна бензин және 8 мың тонна дизель отыны жөнелтілгенін, оңтүстік өңірлердегі жанар-жағармайға қажеттілігі апта ішінде толық қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, шаруалар жанар-жағармайға бағаның шарықтап кеткеніне де наразылық білдірді.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Әліби Тұрысбаевтың айтуынша, ірі тасымалдаушылар жанар-жағармайды басқа өңірлерден тасымалдау салдарынан жол шығындарының қымбатқа түсуінен деп түсіндірген. Департамент тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қолданылмақ.
Айта кетсек, Түркістан облысында басқа өңірлерге қарағанда егін жинау жұмыстары ерте басталады. Облыстық кәсіпкерлер палатасы тез бұзылатын өнімдерін экспортқа шығаруда жанармайдың тапшылығанан тығырыққа тірелген шаруалардың мәселесін шешу үшін ҚР Энергетика министірлігіне өңірге дизель отынын жеткізуді ұйымдастыруды жылдамдату керегін жеткізді. Шаруаларға қажетті жанармайды аптаға созбай, жедел жеткізу бойынша ұсыныс хат жолдады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: