«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жем-шөп, су тапшылығы: түркістандық шаруалардың мәселелері Өңірлік кеңес отырысында талқыланды

2021 жылғы 15 Шілде
- Түркістан облысы
6081 просмотров

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаты, өңірлік кәсіпкерлер Кеңесінің төрағасы Кайнар Абасовтың төрағалығымен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңеске Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, тиісті басқарма өкілдері, әр ауданнан келген шаруалар да қатысты.

Кездесуде қала әкімі кәсіпкерліктің дамуы бойынша ақпаратпен және бірлесіп жасайтын жобалармен бөлісті.

Палата директоры Тимур Нақыпбеков әкімдікпен бірлесіп, басқа қала, аудандағы кәсіпкерлеріміздің Түркістан қаласында қандай бизнес түрін ашуға болатындығын және тиімділігін көрсетуге бағытталған инвестициялық карта жасауды ұсынды. Айтуынша бұл жоба кәсіпкерлерге бағдар көрсететін көмекші құрал болмақ.

Түркістан өңірі аграрлы өлке болғандықтан кеңес отырысында көтерілген сұрақтардың дені ауылшаруашылығы саласында болды.

Қазіргі таңда мал азығы, яғни жем- шөп мәселесі өзекті. Бұл мал шаруашылығына кең көлемде кері әсерін тигізіп отыр. Кездесуде шаруалар облысымызда жем-шөпке субсидиялау қарастырылмағандығын айтып, қаражат бөлу бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Палата бұл мәселені түрлі алаңдарда көтеріп, облысымызға бірінші кезеңде 3 млрд көлемінде субсидия бөлу бойынша ұсыныс тастаған болатын.

Сонымен қатар шаруалар шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша, ағын су тапшылығы, ұрық шаруашылығының жоқтығы секілді мәселелерді көтерді.

Кездесу соңында Кеңес төрағасы, мәжіліс депутаты Қайнар Абасов барлық көтерілген сұрақтардың республикалық деңгейдегілері назарға алынып, тиісті Министрліктерге жолданатындығын айтты. Ал облыстық деңгейдегі мәселелер тиісті басқармаларға жүктеліп, облыстық Нұр Отан париясының қадағалауына қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер