«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысының кәсіпкерлеріне бірыңғай есеп беру күні өтеді

2021 жылғы 29 Қыркүйек
- Түркістан облысы
5807 просмотров

2021 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 11.00-де Түркістан облысының бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Шараға кәсіпкелер мен ұйымдар шақырылады.

Іс-шараны өткізудің мақсаты - қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту.

Өткізу нысаны - Біріңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау.

Өткізу орны: Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, Түркістан облысы әкімдігі ғимараты.

Іс-шараға қатысу үшін 8-700-023-24-47, 8-778-777-75-75 телефоондары бойынша тіркеуден өту қажет.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер