«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Born Nomad ұлттық қолөнершілер байқауының жеңімпаздары анықталды

2021 жылғы 28 Қазан
- Түркістан облысы
5461 просмотров

Бүгін Түркістан қаласында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстандағы АҚШ елшілігі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, дәстүрлі қолөнерді сыртқы нарықта ілгерілету мен шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы мәдени мұраны сақтау мақсатында бірлескен жоба - «Born Nomad» форумы мен фестивалі өтті.

Born Nomad форумына АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, сондай-ақ жобаға қолдау көрсеткен ExxonMobil және Chevron Kazakhstan компанияларының өкілдері қатысты.

ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев ұлттық қолөнершілер байқауы және Форум қазақстандық қолөнершілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оларды бүкіл әлемде танымал етуге ықпалын тигізетініне сенім білдірді.

«Born Nomad жобасы 2000-нан астам қолөнершінің назарына ілігіп, оның ішінде  410 қолөнерші білімін шыңдап, бизнес дағдысын жетілдірді. 2021 жыл креативті экономиканың жылы болып жарияланғаны белгілі. Бізде қолөнер кәсіпкерлігін жаңа деңгейге шығарудың ерекше мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе әйелдер бизнесі үшін өте маңызды. Біз «Атамекен» тарапынан барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.

«Born Nomad жобасы кәсіпкер әйелдерге бірегей мүмкіндік береді, ал олар өз кезегінде Қазақстанның бірегей сұлулыққа ие мәдени мұрасын әлемге танытады. Әйел мүмкіндіктерін кеңейту - Америка Құрама Штаттарының сыртқы саяси басымдықтың бірі. Әрі мен үшін де бұл - үлкен басымдық», – деп бөлісті бас консул Сэвидж.

Форум аясында Born Nomad ұлттық байқауының жеңімпаздарын алты номинация бойынша марапатталды. Олар: дәстүр, жаңашылдық, қолөнерші әйел, жас талант, 3D-дегі қолөнер, сондай-ақ, шығармашылық ынтымақтастық.

Дәстүр номинациясы бойынша:

3-орын – Маңғыстау облысынан Зухра Елубаева

2-орын – Алматы облысынан Светлана Бестюбаева

1-орын – Шымкент қаласынан Мәдина Ахметова

Жаңашылдық номинациясы бойынша:

3-орын – Алтынбек Ермұқан

2-орын – Алматы қаласынан Құралай Жақсыбаева

1-орын – Нұр-Сұлтан қаласынан Әсел Мектепбаева

Қолөнерші әйел номинациясы бойынша:

3-орын – Нұр-Сұлтан қаласынан Венера Бейсбекова

2-орын – Қарағанды облысынан Галина Переплеткина

1-орын – Нұр-Сұлтан қаласынан Дамира Әбікенова

Жас талант номинациясы бойынша:

4-орын – Қарағанды облысынан Ақжол Жұртыбай

3-орын – Солтүстік Қазақстан облысынан Зарина Черняева

2-орын – Алматы қаласынан Мадина Нұрпейісова

1-орын – Нұр-Сұлтан қаласынан Әсел Мектепбаева

3D-дегі қолөнер номинациясы бойынша:

2-орын – Шымкент қаласынан Берік Бейсеков

1-орын – Алматы облысынан Айжан Тіленбекова

Шығармашылық ынтымақтастық номинациясы бойынша:

3-орын – Қостанай облысынан Сәуле Қабидулова

2-орын – Ақтөбе облысынан Әсел Хайрулла

1-орын – Нұр-Сұлтан қаласынан Балнұр Ахметқазиева

 Ал Гран-при иегерлері:

3-орын – Шымкент қаласынан Берік Бейсебеков

2-орын – Нұр-Сұлтан қаласынан Әсел Мектепбаева

Жеңімпаз – Нұр-Сұлтан қаласынан Дамира Әбікенова

Форумда қолөнершілер мен креативті экономиканы қолдаудың қазіргі заманғы мәселелері, оның ішінде, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, цифрлық дәуір тосқауылдары, сондай-ақ, қыз-келіншектерді қолдауға бағытталған жобалар талқыға түсті.

Фестивальде сондай-ақ, Born Nomad – Power Awards 2021 жобасына қатысушы қолөнершілер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті.

Еске салайық, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен АҚШ Дипломатиялық миссиясы бірлесіп жариялаған бұл байқауға еліміздің 2000-нан астам қолөнершісі қатысқан. Байқау дәстүрлі қолөнерді насихаттап, мәдени мұраны сақтау арқылы әйелдердің экономикалық дамуы мен кәсіпкер әйелдерді қолдауға арналған «Қолөнерші мүмкіндіктерін кеңейту» атты ауқымды жобаның аясында өтті. Форумның Түркістан қаласында өтуі де кездейсоқ емес. Түркістан қаласы қолөнер шеберлері ежелден бұйымдарын сатып, тәжірибе алмасқан, білімін шыңдап, шекараларын кеңейткен Ұлы Жібек Жолы бағытындағы ежелгі шаhар.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер