«Бөрте Милка» кәсіпорны тәулігіне 15 тонна сүт өндіреді
Инновацияларды тиімді қолданып отырған, оңтүстік өңірінде орналасқан сүт фермасы «Бөрте-Милка» туралы не білеміз?
Тәулігіне 15 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы кәсіпорын қаймақ пен айран, сары май, құрт, балмұздақ және балаларға арнап "Бөрте Милка" йогуртының 5 түрін шығарады. Жұмысын бастаған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастаған. Олармен келісім-шарт жасалған. Мұнда барлық жұмыс адам қолымен емес, роботтардың көмегімен атқарылады екен. Фермада салқындату және жарық жүйесі, тіпті, камера орнатылған. Ал сүт өнімдері швед технологиясы бойынша өндіріледі екен.
Компания кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval және голландтық Lely компаниясының ең заманауи технологиясын қолданып соғылған.
Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады - сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдың тойғанын анықтау үшін және жағдайын саралап тұратын камералары орнатылған.
Фермада өз Селекция және генетика орталығы бар. Голштино-фриз тұқымын алғашқыда Венгриядан әкелген болса, қазіргі таңда өз жерімізде бұзаулар өсірілуде.
Инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 20% - өз қаражаты болса, 40% – несие, 40% - мемлекет көмегі. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 480 сиыр бар. Әрқайсысына бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат жалпы компьютерге түседі. Адамның көмегінсіз 8 робот-сауыншы 480 сиырды сауады. Әр сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 15 тонна сүт жиналуда.
2016 жылы «Жылдың үздік кәсіпкері», «Озат инвестициялық жоба», 2017-2018 жылдары қатарынан «Үздік инновациялық жоба», 2019 жылы «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Жыл бренді» номинацияларын және т.б. бірнеше номинацияларды жеңіп алған, ал биыл Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме-байқауына Түркістан облысынан қатысып жатқан ЖШС «Бөрте-Милка» сүт фермасы елімізде инновацияны тиімді қолданып отырған бірегей кәсіпорын, - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.
Биыл бесінші ферманы салу жоспарлануда. Ол ферма моделі алдыңғы фермалардан ерекше етіп, онда төрт робот жұмыс жасап, тәулігіне 22 тонна сүт өндіреді деп күтілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: