«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік органға шағым, жер мәселесі: Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы жыл басынан бері 3,1 млрдтан аса сомада бизнестің құқығын қорғады

2022 жылғы 09 Желтоқсан
- Түркістан облысы
7278 просмотров

Түркістан облысында кәсіпкерлер биыл көбіне мемлекеттік органдардың әрекетіне, жер және мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты шағымданған. Мұндай мәліметті өңірдегі кәсіпкерлер палатасының құқық жөніндегі мамандары айтып, жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылады.

Кеңесте қаралған мәселелер

Жыл соңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері палатаның алаңында толық құрамда жиналып, биыл он бір айдағы қызметін түйіндеді. Кеңес төрағасы Орынбасар Кәбіштаев бүгінде кәсіпкерлердің құқығына байланысты мәселелердің бір бөлігін мемлекеттік органдар қарастырып жатқанын атап өтті.

«Биыл кеңес 12 отырыс өткізіп, 25 мәселе қарады және оларға қатысты 56 ұсыным енгізіліп, оның 42-і кәсіпкерлердің пайдасына оң шешімін тапты. Бүгінде оның 14-ін мемлекеттік орган өкілдері қарап жатыр», – деді төраға.

Құқық жөніндегі маманның дерегі

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Зухра Әмірова биыл қаңтар-қараша аралығында өңірде түрлі қиындыққа тап болған 254 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның 81 құқығы қорғалғанын жеткізді.

«2022 жылдың 11 айында «бизнесті қорғау» желісі бойынша 254 (28 ауыспалы) өтініш түсті. 81 өтініш немесе 32 пайызы оң шешілді. Кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары 3,1 млрдтан аса теңгеге қорғалды», – деді Зухра Әмірова.

Басшы статистикасы

Палата директоры Асылан Ибадуллаевтың айтуынша, кәсіпкерлердің өтініштеріне талдау жүргізе отырып, олардың жиі кездесетін проблемаларының статистикасы жасалған.

«Мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымдар 55 пайыз, мемлекеттік сатып алу саласында 17 пайыз, өзге де мәселелер бойынша 33 пайыз, жер мәселелері 37 пайыз, АӨК саласында 8 пайыз, тариф белгілеу бойынша 20 пайыз болды», – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Прокуратурамен әріптестік

Кәсіпкерлер палатасының негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі –прокуратура органдары. Бұл орайда биыл Түркістан облысы прокуратурасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің және сараптамалық кеңестің бірлескен екі отырысы өтті. Облыстың прокуратурасы 10 жүйелі проблеманы ортаға шығарды. Осылайша, бизнеске кедергі келтіретіндердің қызметіне тосқауыл қойылып, кәсіп жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды. 2022 жылдың басынан бастап мәселелердің республикалық тізіліміне енгізу үшін 10 сұрақ жіберілген. Өңірлік тізілімге 6 сұрақ енгізіліп, 4 мәселе шешілді.

Президенттің тапсырмасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес құқығын қорғау бағытындағы жұмысты күшейту тапсырмасына және 2022 жылғы 17 маусымдағы «бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ортаны қалыптастыру» жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан кәсіпкерлер палатасы өңірдің прокуратурасымен бірлесіп, «Бизнесті қорғау және қолдау» форумы өткізді.

Жоспарды іске асыру мақсатында облыс прокурорының қатысуымен барлық құқық қорғау органдарының басшыларымен және адвокаттық қоғамдастықпен  болды.

Бизнесті қорғау экожүйесі

Бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес орта құрудың мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылып, оның құрамына прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қаржы мониторингі агенттігі, полиция, Қәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес, заң кеңесшілері палатасының өкілдері мен адвокаттар кірді.

Заңгерлердің сараптамасы

Сондай-ақ, палатаға жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің 274 жобасы келіп түсті. Оның 149-на ескертусіз сараптамалық қорытындылар беріліп, 74-і ескертумен қайтарылды. 51 НҚА бизнестің мүддесін қозғамады.

Қорытындылай жазсақ...

Түркістан кәсіпкерлер палатасының құқық жөніндегі мамандары алдағы уақытта да жұмысын, облыстық прокуратурамен бірлесіп, қалалар және аудандардың кәсіпкерлерімен кездесуін жалғастырады. Өйткені, көбіне кәсіпкерлер мәселесі туралы айтпай, өз бетінше шешуге тырысады. Алайда кез келген бизнесмен Палатаға келсе, құқық мамандары оларға тегін қызмет көрсетеді – құқығын қорғау әрдайым әзір.

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер