«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда өткен франшизалар көрмесінде ШОБ-қа арналған жобалар көрсетілді

2022 жылғы 12 Желтоқсан
- Түркістан облысы
4802 просмотров

12 желтоқсанда шара ұйымдастырушылары мейрамхана бизнесі, сервистік қызмет, білім беру орталықтары, бөлшек сауда және франшизалар саласындағы мамандарды бір алаңға жинады. Барлық нысанға инвестициялардың салыстырмалы түрде аз көлемі жұмсалған және компаниялар  франчайзилерді таңдауға дайын.

 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы көрме қатысушыларын құттықтай отырып, Түркістан қаласының өсіп келе жатқан халқы, облысқа туристік ағын және салықтар бойынша тартымды жасалған жағдай өңір нарығын франчайзерлер үшін тартымды ететінін атап өтті.

«Түркістан Қазақстандағы ең келешекті ТОП-10 туристік аумақтың қатарына кіреді. Түркістан облысындағы туризмге инвестиция көлемі соңғы 3 жылда (2020-2022 жж.) 281,8 млрд теңгені құрады. Түркістанда халықаралық әуежай жұмыс істейді – бұл Қазақстандағы соңғы 30 жылда іргесі жаңадан салынған алғашқы әуежай. Сондай-ақ, қала халқының 2018 жылғы 165 мың тұрғыннан 2022 жылы 218 мың тұрғынға дейін өсуі байқалады. Осы факторлардың барлығы кәсіпкерлердің өңірдің тартымдылығын бағалауы үшін маңызды деп санаймыз», – деді Ермек Кенжеханұлы.

 

Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиков Түркістандағы франшиза нарығын дамыту туралы өз көзқарасымен бөлісті.

«Түркістан – туристік дестинация болғандықтан, мұнда оқиғалық франчайзинг: фестивальдар, симпозиумдар, білім беру іс-шаралары, спорттық жарыстар жақсы дамиды. Сондай-ақ, жалпы трендтерді ескеру қажет, мысалы, фармацевтикалық  франшизалар табысы және олардың соңғы жылдардағы бірнеше рет өсуі. Сонымен қатар, Түркістанда шағын әлеуметтік франшизалар нарықты жандандыра алады», – деп атап өтті Бекнұр Кисиков.

Көрме барысында бірқатар кәсіпкер әлеуетті франчайзилермен келіссөздер жүргізді, басқалары стендтерде немесе сілтеме бойынша қол жетімді франчайзингтердің жалпы каталогында ұсынылды:

https://drive.google.com/drive/mobile/folders/1lOOU_yocJEiK8SR14lPxIxL5uhTagBjD?usp=sharing

Іс-шараға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы және кәсіпкерлер, сондай-ақ Астана, Алматы, Алматы облыстарынан және басқа өңірлерден келген қонақтар, барлығы 150-ге жуық қатысушы жиналды. 

«Бүгін Түркістанда туризм саласындағы инвестициялық жобалардың тұсаукесері және франшизалар көрмесі өтуде. Кәсіпкерлерге пайдалы кейстер таныстырылды. Қазіргі уақытта Үкімет тарапынан Түркістан облысында туризмді дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылылды», – деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Көрмеден басқа туризм саласындағы инвестициялық жобалардың питч-сессиясы, сондай-ақ iKapitalist инвестициялау платформасының негізін қалаушы Нұрбек Раевтан ШОБ-қа инвестициялар тарту бойынша шеберлік сабағы өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер