«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда шаруалар көбінде субсидия мәселелеріне шағымданды

2022 жылғы 29 Желтоқсан
- Түркістан облысы
5727 просмотров

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасына биыл өңірдегі шаруалардан түрлі мәселені көтерген өтініштер түсті. Олардың көп бөлігі субсидиядаға – 32%, несиелеу/лизинг – 21% қатысты болса, қалғаны тарифтерге – 13%, жер мәселесі және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне қатысты – 15%,  экспорт мәселелеріне – 4% байланысты болды. Фермерлерді толғандырған проблемалар Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі комитетінің 5 отырысы өтіп, он сұрақтартың алтауы оң шешілді.

Бүгінде аймақтағы барлық қала, аудан, ауыл округтерінде  тауар өндірушілермен ұйымдастырылған кездесулерде селолық тұтыну  кооперативтерін құрудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын бастау көзделіп отыр. Шаруалар қандай мәселені көтерді және алдағы уақытта бұл салада қандай жаңалықтар бар? Бұл жайында толығырақ Палатаның қызметкері Нұрлыбек Боранбаев жауап берді.

Нұрлыбек Нұрманұлы, ауыл шаруашылығында осы жылы жиі талқыланған мәселелерге тоқталсаңыз. Кәсіпкерлер палатасына қандай шағымдар түсті?

Бірнеше мәселе бар. Атап айтсам, ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау, өткізу жүйесінде инфрақұрылымның дамымауы және өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін өткізу процесінде делдалдардың көптігі. Сонымен қатар, төмен сатып алу бағамы, шығын салымдарын жаба алмау, өндіріс көлемі мен олардың сапасын көтеруді ынталандырмау да бар.

Көбіне қай салаларда проблема жиі кездеседі?

Шаруалардың айтуынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің төмен үлестік көрсеткіші (сүт – 29,2%, ет – 23,7%, жеміс-жидек – 7,8%), сейкесінше пайдалану қуаттылығының төмен болуы және шығарылған өнімнің импортпен бәсекеге қабілетті бола алмауы. Одан бөлек материалдық техникалық базаның әлсіздігі (ауыл шаруашылығы техникасының жеткіліксіздігі, тұқым, тыңайқыштар, жем, ЖЖМ (жанар жагар май) және т.б құралдарын алуға қаржының жетіспеушілігі). Сондай-ақ, көптеген шағын шаруа қожалығына мемлекеттік қолдаудың шаралары, субсидия, несиелендірудің кепілсіз жеңілдіктері қол жетімсіздігі.

Ал, өңірде ауыл шаруашылығындағы кооперация қалай дамып жатыр?

Жергілікті ат­қарушы органдар тарапынан кооперацияларды құру және дамытуға басымдық беріп, жаңадан құрылып жатқан кооперативтерге  жер бөліп беру, несие алуда  жеңілдіктер қарастырылмаған. Республикалық, облыстық, аудандық деңгейде оларды үйлестіруші  бір мемлекеттік орган құрылса дұрыс болады деп ойлаймын. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер  өз  еркімен ауылшаруашылық кооперацияларына бірігуге құлықсыз. Оның  басты себе­бі – нормативтік-құқықтық базаның жетілмегені, қызметінің айқын болмауы, коопе­ратив мүшелерінің бір-біріне сенімсіздігі. Осыған орай ауылды дамытуға мемлекет тарапынан белгіленген қолдау іс-шара­ларына өзгерістер енгізген жөн деген пікірім бар.

Ал, ауыл шаруашылығын қолдауға арналған бағдарламалар және басқа шараларға қатысты қандай пікір білдіресіз?

Ауылды қолдаудың бес жылдық бағдарламаның арналған қаржысы нақты мақсаттарға сәйкес бөлінгені дұрыс. Кооперативтермен мүдделес болатын нарықтағы ірі кәсіпорындарды ынталандыратын арнаулы шаралар не бағдарлама қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығында кооперативтер мен мемлекеттік органдардың арасындағы субсидия және несиелерді ресімдеуге байланысты қатынастарды жеңіл­дету керек. Себебі оны реттеу қызметтерін жүргізетін құрылымдар толық дамы­маған. Қажетті субсидия мен басқа­ да мемлекеттік қолдаулар жеткілікті мөлшерде және қажетті мерзімде  беріле бермейді. Соның салдарынан берілген субсидиялардың нәтижесі тиімсіз. Кооперативтерді мем­лекеттік бюджет не басқа да қаражат көздерінен арнаулы қаржыландыруды шешіп, осы айтылған мәселелерді болдырмауды жүзеге асыратын органдар құру керек. Ол қызметтерді тиісті жергілікті атқару органдарының құзырына жүктеу керек.

Қорыта айтқанда, кооперацияны дамыту бойынша қандай ұсыныс айтасыз?

Ауыл кооперативіне ең бірін­ші  қажетті тіркемелі трак­тор­ды­ облыс не аудан бюджетінен арнайы ауылдың әкімдігіне бөліп, оны сенімді басқару жолымен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына беруге, машина трактор станциясын ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар. Бір жылда барлық ауданға бірдей болмаса да, оны алдымен, бір аудан орталығынан пилоттық жоба есебінде ашуға мүмкіншілік жасауға болады. Облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметін кеңейтіп, азық-түлікті өндірудегі жауапкершілігін күшейту керек. Нәтижелері бағалануы тиіс. Ол үшін құзырында жоғарыда айтылған қызметтерді толық атқаруына мүмкіндіктер беретін тиісті штат бірліктері, шаруашылық тетіктері болуы шарт. Жеке меншіктегі шаруашылықтар өз жұмыстарын келісімшарт негі­зін­де мемлекеттік тапсырыс бо­йынша тиімді жүргізуге толық мүмкіндік жасалуы керек. Бұл жағдай кооператив, жеке кәсіп­керлердің шаруашылық­тарын жүргізуде мемлекеттік кәсіп­орындардың техникаларын, басқа­ да көмектерін тиімді пай­дала­нып, өз өндіріс көлемін арттырып, олардың дамуы­на зор мүмкіндіктер туғызатыны сөзсіз.

Нұрлыбек Нұрманұлы сұхбатыңызға рақмет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер