«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында кәсіпкерден мемлекеттік грантты қайтару негізсіз талап етілді

2023 жылғы 22 Ақпан
- Түркістан облысы
5281 просмотров

Сайрамдық кәсіпкер Әлімжан Құралов Өңірлік кәсіпкерлер палатасына  шағымданды. Оның айтуынша, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы филиалының өкілдері мемлекеттік грант қаражатын қалай  пайдаланғаны жөнінде есеп тапсыруды талап еткен. Негіздейтін ешбір құжатсыз, жазбаша хабарламасыз Қордың Шымкент қаласындағы филиалына келуді міндеттеген.

Сайрам ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Әлімжан Құралов «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылдың 1-2 қазанындағы конкурстық комиссия отырысының хаттамасы негізінде 4 млн теңге мемлекеттік грант иегері атанған. Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы грант қаражатын мақсаты бойынша пайдаланғаны жөнінде есепті «Даму» қорына табыстамаған.

 

«Байқау комиссиясы» мүшелерін шақырып, менің қатысуымсыз мемлекет қаражатын қайтару туралы хаттамалық шешім шығарыпты», – дейді Әлімжан Құралов.

 

 

Кәсіпкер мемлекеттік грант және өзінің қаражатына 2021 жылдың 5 наурызында Ресей Федерациясының «Промышленные технологии» мекемесінен «LADA LARGUS LRGS0J2» маркалы автокөлігін 7,5 млн теңгеге сатып алған. «Әлеуметтік такси» жобасымен кәсібін бастап кеткен.

«Шарттың 10-тармағы, яғни тараптардың деректемемен қолтаңбалары бөлігінде жеке кәсіпкер Әлімжан Құраловтың «қолтаңбасы», шарттың бір данасын алғаны жөнінде белгі көрсетілмеген. Кәсіпкер қор, не басқарма талап етіп отырған міндеттемелерді өзіне жүктейтін негізгі құжатқа қол қоймаған, онымен таныспаған, көшірмесін алмаған», – деп атап өтті Палата маманы Нұрсұлтан Кәрімбаев.

Өңірлік палата мәселені сотқа дейін шешу, сот дауларын азайту, дауды бітімгерлікпен шешуге жәрдемдесу мақсатында басқармаға 2023 жылғы 8 ақпанда хат жолдап, Конкурстық комиссия хаттамасының шешімінің негізінде Әлімжан Құраловқа қатысты қабылданатын шаралар жөнінде ақпарат беруді сұраған. Алайда, Палатаның сұрауына қараусыз қалып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер