«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

2023 жылғы 25 Ақпан
- Түркістан облысы
6804 просмотров

Өңірге жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі  Әлібек Қуантыров бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

 

Жиынға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов және кеңес мүшелері, облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен басқарма басшылары, кәсіпкерлер қатысты. 

 

 

Бизнес өкілдері балық шаруашылығы саласындағы шикізатты өңдеу, өңдеу өнеркәсібіндегі ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесі, еңбекақы төлеу қорынан мөлшерлемелері мен электр энергетикасы және газ саласындағы тарифтерді белгілеу мәселелерін талқылады.

 

 

Министр атап өткендей, бұл мәселелер мұқият зерделенетін болады. Салық саясатын жетілдіру бойынша ҰЭМ қазіргі уақытта жаңа Салық кодексін әзірлеуде. Салықтық әкімшілендіруді түбегейлі оңайлатуға және цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетін болады. Кешенді жұмыс жұртшылықпен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.

 

 

 Сондай-ақ, кәсіпкерлер индустриялық аймақты одан әрі дамытуға және инфрақұрылымды жүргізуге жәрдемдесуді сұрады. Бұдан бөлек, қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, ЖСҚ-ға (жобалау-сметалық құжаттама) түзетулер енгізу, керамика өндірісін кеңейту үшін жеңілдетілген несиелеу, кәсіпкерлікті тексеруге арналған мораторий бойынша мәселелер көтерілді.

 

 

«Бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Ескірген және негізсіз нормативтік талаптарды қысқарту, мемлекеттік бақылау және қадағалаудың барлық салаларында тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап «таза парақтан» реттеуді толыққанды іске қосу пысықталып жатыр», - деді Әлібек Қуантыров.

 

 

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы облыс бойынша ең өзекті мәселелер көтеріліп, назарға алынғандығына өз ризашылығын білдірді.

«Ашық форматта кәсіпкерлермен сөйлесу біз үшін маңызды, әдетте сұрақтар бірнеше сипатта болады, облыстық, республикалық деңгейде шешілетін сұрақтар бар, кәсіпкерлер реттеп отырып ең өзекті мәселелерімен бөлісті. Біз енді үлкен үміт күтеміз. Жалпы кәсіпкерлер өте риза», - деді Нұралы Әбішов.

 

Әлібек Қуантыров көтерілген барлық мәселелер мен айтылған ұсыныстар бойынша Министрліктің ұстанымын жеткізіп, ҰЭМ-ның құзыретіне кірмейтін мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын айтты.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер