«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіби бағдар беру – мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі

2023 жылғы 22 Мамыр
- Түркістан облысы
5382 просмотров

Түркістанда кәсіптік бағдар беру апталығы басталды. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы бірлесе отырып мектеп оқушыларының мамандық таңдауға қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіптік бағдар беру апталығын ұйымдастырды. Іс-шара өңірдің барлық аудандарын қамтыды.

 

Кәсіптік бағдар беру апталығының мақсаты, мектеп оқушыларының еңбек нарығындағы сұраныс негізінде қызығушылықтарын арттырып, кәсіби бағдар берудің тиімді жүйесін құру. Оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтермен ақпараттандыру болып табылады.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімі басшысының айтуынша кәсіби бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс.

«Кәсіби бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік жасайды. Білімге талаптанған, болашаққа қанаттанған, білім бәйгесіне түскелі тұрған түлектер де өзінің қызу ынтасын танытып, шарамызға толығымен қатысуы қуантады», – деді Айдана Бейсебекова.

 

Арыс қаласы алғашқы болып  бітіруші мектеп оқушыларын  кәсіби бағдар беру апталығы аясында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды ілгерілету мақсатында «Mega Agat» ЖШС, «Минералды су Арыс» ЖШС, «Арай» ӨК, «Қазына жер LTD» ЖШС және «Сүндет» ЖК кәсіпорындарын аралатып, өнеркәсіптік базаларына экскурсия ұйымдастырды.

Ұйымдастырылған іс-шара бойынша экскурсия оқушыларға жағымды әсер қалдырды. Ол тек қызықты ғана емес, танымдық жағынан пайдалы болды. Оқушылар кәсіпорындардың  толық технологиялық процесімен етене таныса алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер