«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу және жұбайы Aху Kапуджу Іскер әйелдер кеңесімен кездесті

2023 жылғы 26 Маусым
- Түркістан облысы
5263 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу және жұбайы Aху Kапуджу Іскер әйелдер кеңесімен кездесті.

Мақсаты, Түркістан облысының кәсіпкер әйелдерінің тұрмыс тіршілігімен танысу, кәсіп жүргізуде тәжірибе алмасу.

Кездесуде бизнес, әйелдер кәсіпкерлігі сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметімен таныстырды.

«Өңірімізде 2021 жылы Түркістан қаласында Республика бойынша алғашқы болып Палата жанынан «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» аш«ылды. Орталық мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беру, сұранысқа ие кәсіби оқытуларды ұйымдастыру, менторлық сүйемелдеу, кәсіпорындардың даму әлеуетін анықтау үшін ағымдағы бизнес жағдайына сыртқы бағалауды ұйымдастырады. Біліктілікті арттыруға бағытталған «Мен кәсіпкер» және «Бір ауыл - бір өнім» жобалары биылдан бастау алды», - деді Асылан Ибадуллаев. 

Жиын соңында Түркияның іскер әйелдерімен Түркістанның кәсіпкер әйелдерінің басын қосып екі елдің арасында ынтымақтастықты жолға қою, жобаларды жүзеге асыру бойынша қаржылық қолдау, тәжірибе алмасу мақсатында форумдар ұйымдастырып, жиын өткізу жоспарланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер