«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

МЕНТИЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2023 жылғы 11 Қазан
- Түркістан облысы
3156 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында ментилардың жаңа кәсіпорындарымен және кәсіптерімен танысу тақырыбында кездесу өтті. Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Салтанат Төлегенова менторлықтың сүйемелдеуі және қолдауымен өз кәсіптерін одан ары жетілдірген ментиларға өз тәжірибесімен бөлісті.

«Жетістікке жету үшін мақсатыңызды жазып, нақты не қажет екені анықтап алған соң жоспар құру қажет. Мақсатқа жету үшін әрекетіңізді күнделікті есеп беру арқылы дамытқан жөн. «Еңбек мұратқа жеткізер» деген мақалдың мәні еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Жақсыны көрген сайын одан да жақсы болуға тырысу міне сол үлкен жетістікке жеткен кәсіпкерді үлгі ретінде қараудың, сондай жетістікке менде жете аламын деген сөз жігерлендіреді»,- деді ментор Салтанат Ходжа-Мамедқызы.

Жиында ментилар жаңа жобаларымен таныстырды. Мәселен, Рабиға Оңғарова кондитер өнімдеріне жаңа өнімдер түрлерін қосса, Қаламқыз Сапарова жартылай дайын өнім өндірумен қатар жаңа кондитерлік және нан өнімдерін өндіруді қолға алған. Сондай-ақ, Әсел Жамалбекова киім сату дүкенімен қатар киім тігу цехын ашса, Әсемгүл Мұсабаева киім сату саласында жаңа жоба «Қысқы киімдер» жәрмеңкесін ұйымдастырған. Ал, вижазист Айсұлу Тобақабыл әсемдік салонын жалға алып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер