Түркістан облысының кәсіпкерлері «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысты
Астана қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына 180 компания өкілдері қатысты, оның 9-ы түркістандық кәсіпкерлер. Дәстүрлі көрме-жәрмеңкесінде елордалықтар мен қала қонақтарының назарына үздік тауарлар қатары ұсынылып, байқау жеңімпаздары анықталды.
Аталған көрме қатысушылары өңірлік кезеңде іріктеліп алынды. Сонымен қатар қатысушы жеңімпаздар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша анықталды. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту мақсатында ұйымдастырылған көрме-байқауға келген қонақтар облысымыздағы 80-нен астам тауар өндірушілерінің жұмысын жоғары бағалаған болатын, – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Жанель Кали.
Облыс көлемінде үздік кәсіпорын атанған «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясының жеңімпаздары – «Mega-Agat» ЖШС , «Кентау трансформатор зауыты» және «Батсу Водоканал» ЖШС өңір атынан отандық тауар өндірушілер көрме-байқауына қатысты. Сондай-ақ, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша үздіктер – «Бекзат Бақ» ЖШС, «Asia Brand» ЖК, «Арай» ӨК, «Азық-түлік мақсатындағы үздік тауарлар» номинациясының көшбасшылары – «Балмұздақ» ЖШС, «Майлыкент Сүт» АШӨК және «Алекс» ЖШС өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Оған қоса «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына қатысқан кәсіпкерлердің өнімін елордалықтар мен қала қонақтары аса қызығушылықпен тамашалады. Айта кетейік, жыл басынан бері аталған жобаға қатысуға ниеттілер арасынан 60-тан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 3 кәсіпкердің өнімі үздік деп танылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: