«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан: Төлебилік кәсіпкер ет пастиласын өндіруді қолға алмақшы

2024 жылғы 08 Ақпан
- Түркістан облысы
3338 просмотров

Төлеби ауданы, Достық ауылының тұрғыны Феруза Басуова 1 жылдан бері жеміс-жидек пастиласын жасап, табыс табуда. Алма, банан, апельсин жемістерін қақтап, өнімін дүкендерге саудалап отыр. Шағын цехта қызы Камила отбасылық бизнеске қолғабыс жасайды. Елу бір жастағы кәсіпкер ана осылайша кәсібін дөңгелетіп, бизнесін ілгерілетуге күш салуда.

«Жемістерді күнге қатырып немерелерім үшін пастила жасадым. Ұл-қызыма, туыстарыма бұл қатты ұнады. Хобби ретінде басталған сүйікті ісім табыс көзіне айналды. Былтыр қайтарымсыз грантқа ие болып, қажетті құрал-жабдықтарымды алдым. Ендігі жоспарым ет пастиласын жасауды қолға алмақпын. Табиғи өнімге қызығушылық танытатын тұтынушылар жетерлік», - деді Феруза Розматқызы.

Төлеби ауданында жалпы саны 11 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Облыстық кәсіпкерлер палатасы Төлеби аудандық филиалының директоры Маржан Мұсаеваның айтуынша, былтырғы жылы 10-ға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалған. Кәсіпкерлер палатасы мен аудандық прокуратура тарапынан бірлескен меморандум аясында кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетіліп жатыр.

Аудан прокуроры Оразәлі Әбдірамановтің сөзінше, «Бизнесті қорғау» жобасы аясында заңсыз тексеру жұмыстарын болдырмау басты назарға алынған.  Бұл бағытта арнайы жұмысшы топ құрылып, заң шеңберінде тиісті шаралар атқарылуда. Яғни, мораторий мерзімі аяқталғанымен себепсіз тексерулерге тосқауыл қойылып, кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау жасалғасын табады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер