«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында көрме өтті

2024 жылғы 27 Наурыз
- Түркістан облысы
6222 просмотров

Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша көрме болып өтті. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған көрмеге облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек қатысты.

Көрмеде ұлттық жоба аясында салынып жатқан мектептерді жабдықтауға арналған жиһаз ұсынылды. Нұралхан Оралбайұлы бастаған жұмысшы топ мүшелері аралау барысында жиһаз түрлерімен танысты.

Ұлттық жобаға қатысу үшін тауар өндірушілердің индустриалды сертификаты болуы шарт. Яғни пилоттық ұлттық жобаға сәйкес мектептің барлық ғимараттары мен жиһаздары ыңғайлы, қауіпсіз болуы тиіс.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі дирекция ретінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жиһаз-жабдықтарды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының отандық өндірушілер тізіміндегі жеке және заңды тұлғалардан сатып алады. Көрмеге өңір аумағынан келген «Mega Smart», «Ақниет Holding», «OO Sert», «Туран» жиһаз фабрикалары қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер