«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыдан Атырауға «Атамекен» гуманитарлық жүгі келді

2024 жылғы 15 Сәуір
- Атырау облысы
2377 просмотров

Жалпы көлемі 20 тонна гуманитарлық жүкті Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен оңтүстік астананың бизнес субъектілері жөнелтті.

Қалаға кірген бойыда жүк көлігін Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері күтіп алды. Жүк көрме орталығындағы гуманитарлық көмек жинау пунктіне жеткізілді. Келген жүкті облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері мен еріктілер қабылдады. Қазіргі кезде тоғыз күн бойы республиканың түрлі өңірінен, сондай-ақ шетелден жеткізілетін гуманитарлық көмек қабылданып жатыр.

«Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап көрме орталығында гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды. Бүгін кезекті жүк оңтүстік астанадан – бизнес субъектілері және Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасынан келді. Мұнда барлық қажетті заттар – азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, гигиеналық заттар бар. Біздің еріктілер жүкті түсіріп,сұрыптауға көмектеседі. Атырау облысының жедел штабы мен өңір тұрғындарының атынан Атырауға осы гуманитарлық жүкті жинауға және жеткізуге көмек көрсеткендердің барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті Атырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Досқалиева.

 Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев Алматыдағы әріптестеріне алғысын білдірді. Палата директоры «Атамекен» ҰКП ел кәсіпкерлерін біріктіре отырып, алғашқы күннен бастап су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек көрсетіп келе жатқанын атап өтті. «Күшіміз бірлік» қорына қаржы жиналып жатыр, өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанынан гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды, су тасқынынан зардап шеккен бизнеске көмектесу үшін  тәулік бойы 1432 байланыс орталығы жұмыс істейді.

 

Айта кету керек, алдағы күндері Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы мен бизнес субъектілерінен гуманитарлық жүгі бар тағы бір жүк көлігі күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер