«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Семей кәсіпкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілмей үлкен айыппұл салынған

2024 жылғы 15 Сәуір
- Абай облысы
1451 просмотров

Абай облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік органдардың қатысуымен салалық білім беру кеңесінің отырысы өтті. Онда декларацияны толтыру тәртібі, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарын аттестаттаудан өткізуді қаржыландыру, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Face ID талаптары мәселелері көтерілді. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті терроризмге қарсы тексеру барысында жиілеп кеткен айыппұлдар проблемасы талқыланды.

Абай облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кездесуге Білім басқармасы, прокуратура, полиция департаменті, мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, білім бөлімі, Семей қаласы әкімі аппаратының өкілдері, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары және мектепке дейінгі білім беру саласындағы 23 кәсіпкердің өкілдері қатысты.

«Біз барлық тапсырысты қабылдап, орындаймы. Бірақ Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы 117 бұйрығына қатысты сұрақтар бар. Заңдағы өзгерістермен мектепке дейінгі мекемелердің басшылары таныстырылмады, объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру нұсқаулығымен оқыту бойынша семинарлар өткізілмеді. Бұл дегеніміз түсіндіру жұмыстарынсыз атқарушы билік өкілдері мектепке дейінгі мекемелерді тексере бастады. Бірақ тексеруші органдардың бұл әрекеті заңды болды ма? Талаптар тексеру парақтары бойынша ұсынылуы керек еді, бірақ олар ұсынылмады. Өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып жатыр» - деді облыстың әлеуметтік салалардың жеке ұйымдары қауымдастығының төрайымы Әсем Орынбаева.

 Кездесу барысында Абай облыстық полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын тексеру тәртібін түсіндірді.

«Біз бұл заңдардың барлығын білеміз. Оқып, таныстық. Қазір біз түсіндіруге дейін айыппұл салыну жағдай»ында тұрмыз», - деп еске салды Әсем Орынбаева.

 Полиция департаментінің өкілі бұл шара полицияның құзыретіне кірмейтінін және мемлекеттік органдар тарапынан айыппұл салу заңды екенін айтты. Оның айтуынша, бұл білім бөліміне қатысты мәселе.

«№117 бұйрыққа қатысты барлық түсініктемені біз жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге жібердік. Иә, біз кәсіпкерлерді жинаған жоқпыз, яғни оқыдық, таныстық, назарға алдық. Түсіндіру біздің құзыретіміз емес», - деді өз кезегінде Семей қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары Валентина Шипилова.

Жиын қорытындысы бойынша Абай облысының кәсіпкерлер палатасы басқа кәсіпкерлерде осындай проблеманың туындауын болдырмау мақсатында «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын уәкілетті органдармен бірлесіп, жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің басшылары үшін түсіндіруді өткізу туралы шешім қабылдады.

Педагогтардың біліктілігін арттыруды аттестаттаудан өту мәселесі бойынша мектепке дейінгі мекемелер басшылары тарапынан қаржылық шығындарды талап етпейтін рәсім 2025 жылы ҚР Үкіметінің 02.04.2024 жылғы № 72 қаулысы негізінде қолжетімді болады. 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер