«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кантон жәрмеңкесіне 2600-ге жуық қазақстандық сатып алушы қатысып жатыр 

2024 жылғы 16 Сәуір
2019 просмотров

15 сәуірде Қытайдың Гуанчжоу қаласында қазақстандық делегация қатысатын Қазақстан-Қытай сауда және экономикалық ынтымақтастығын ілгерілетуге бағытталған 135-ші Кантон көрмесі ашылды. Жәрмеңке 2024 жылдың 5 мамырына дейін жалғасады. 

Кантон жәрмеңкесі Қытайдың сыртқы әлемге ашықтығын қамтамасыз етудегі маңызды терезе. Сонымен қатар сыртқы сауданы жүзеге асырудың платформасы және «Қытайдағы №1 жәрмеңке» деп аталады. 1957 жылы құрылғаннан бері Кантон жәрмеңкесі өз жұмысын үзбеді, әрдайым жаңа элементтер енгізіліп, ұйым қызметі жетіле түскен. Шара Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамытуда байланыстырушы көпір ретінде маңызды рөл атқарды. 

Көрмеге әлемнің 229 елі мен аймағынан келген шетелдік сатып алушылар жәрмеңкеге онлайн және офлайн форматта қатысты. Олардың ішінде 198 000 шетелдік сатып алушы офлайн форматта және 454 000 шетелдік сатып алушы онлайн форматта. Осындай ауқым әлемдік іскерлік қоғамдастықтың Қытайдың экономикалық белсенділігі мен даму перспективаларын жоғары мойындағанын көрсетеді. 

Көрменің ауданы 1,55 млн шаршы метрді құрайды. Жәрмеңке үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең дәстүрлі электромеханикалық тауарлар мен жоғары технологиялық құрамы не бар жаңа нысандарды көрсететін «озық өндіріске» бағытталған. Екінші кезең «сапалы үйге» арналған. Бұл кезеңде сатып алушыларға жоғары сапалы үй тауарларын жеткізушілердің таңдауын ұсынады. Үшінші кезең «Үздік өмір» тақырыбына арналған, онда күнделікті өмірдің қажеттіліктеріне және тұтынушылардан сатып алудың дамып келе жатқан қажеттіліктеріне жауап беретін өзекті тақырыптар ұсынылған. 

Жәрмеңкеде 28000-нан астам жоғары сапалы кәсіпорын, онлайн және офлайн режимінде қатаң іріктеуден өткен жетекші және беделді кәсіпорындар бар. 

Жәрмеңкеде экологиялық таза, төмен көміртекті және ақылды өнімдер сияқты көптеген жаңа өнім мен инновациялық шешімдер бар. Кантон жәрмеңкесінің онлайн платформасында 2,7 миллионнан астам түрлі экспонат болады. Осылайша шетелдік сатып алушыларға жоғары сапалы өнімдердің бай таңдауы ұсынылмақ. Ауылдық жерлердің қайта өрлеу дәуіріне тән эко, жасыл шешімді көптеген ерекше өнімдер ұсынылады. 

 Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды платформасы саналатын  Кантон жәрмеңкесі әр сессияға 2600-ге жуық қазақстандық сатып алушыны жұмылдырып отыр. Кантон жәрмеңкесі әлемнің 103 елі мен аймағындағы 191 өнеркәсіптік және коммерциялық ұйым, соның ішінде Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және «Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары одағы» ЗТБ-мен серіктестік қатынастар орнатты. 

 «Атамекен» ҰКП Қазақстанның сыртқы сауда палатасының Қытайдағы өкілі Ғани Аманбаев Қазақстан жыл сайын осы көрмеге қатысатынын атап өтті. Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі атынан Сыртқы сауда палатасы қазақстандық компаниялардың Кантон жәрмеңкесіне қатысуын қамтамасыз етеді және Қазақстан аумағындағы Қытайдың сыртқы сауда орталығының негізгі серіктесі болып отыр.  «Қазақстан трапынан жәрмеңкеге отандық жетекші әрі сұранысқа ие компаниялар қатысады. Статистикаға сүйенсек, әр сессияға 2600-ге жуық қазақстандық сатып алушы қатысады, жыл сайын жылына 2 сессия өткізіледі. Қазақстандық қатысушылар 1 және 3-кезеңге басты қызығушылық танытуда», - деді Ғани Аманбаев. 

Спикер барлық сұраныс қанағаттандырылады деп санайды.

 «Өйткені, мұнда Қытайда өндірілетін барлық дерлік өнім ұсынылған және жыл сайын тауарлардың ассортименті мен сапасы жақсарып келеді. Сонымен қатар, көрмеде ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, баламалы тіркеу пункттерінде алдын ала тіркелу және рұқсат алу, қонақүйлерден тегін қатынайтын Шаттл-бастар қарастырылған. 

 Қытайлық өндірушілер  шетелдік сатып алушылардың сұранысын жіті білетіні айқын. Өзгерістерге келетін болсақ, делдалдық қызметке деген сұраныс күрт төмендеген. Ол үшін ұйымдастырушылар үлкен жұмыс жасады, соның ішінде онлайн платформа іске қосылған. Сондай-ақ, барлық өндірушіде сапалы ақпарат бере алатын ағылшын тілді менеджерлер бар», - дейді көрмеге қатысушы. 

 Спикер Қазақстанның сыртқы сауда палатасы барлық салада екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге барынша көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. 

 «Осындай ірі шараға қатысушылар саны тек арта түсетініне сенімдімін. Өйткені қазір Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим жұмыс істейді, бұл шара осы көрмеге баруды әлдеқайда жеңілдетеді», - деп қорытындылады Ғани Аманбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер