«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шекарадағы бизнес-кездесу. Алматы кәсіпкерлер палатасы қытайлық кәсіпкерлермен келіссөз жүргізді

2024 жылғы 23 Сәуір
- Алматы қаласы
1768 просмотров

17-18 сәуірде Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында  Палата директоры Нұрсұлтан Шоқановтың «Инин Чэнтоу Сюмао» ЖШҚ импорт-экспорттық сауда компаниясының төрағасы Фэн Цзяньсин бастаған қытайлық бизнес-делегациямен кездесуі өтті.

Іс-шараға «Инин Чэнтоу Сюмао импорттық-экспорттық сауда компаниясы» ЖШҚ, «Үрімші Шыңжаң Кенгуру Логистик Ко., Лтд», «Чжунжуй Хэнюань» Шыңжаң сауда корпорациясы ЖШҚ, «Алматы қаласындағы Шыңжаң-Іле Қазақ автономиялық округінің басқармасы», «SYNTECO GROUP» ЖШС, «Meat Market Асыл Ата» сынды қазақстандық және қытайлық кәсіпорындардың басшылығы қатысты.

Екі күндік сапар аясында қытайлық кәсіпкерлер «ЭФКО» компаниялар тобының зауыты, Алматы қаласының Индустриялық аймағы, DAMU Logistics, Line шиналар зауытына барды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жүйелі екіжақты экономикалық дамуға жәрдемдесу және екі ел кәсіпкерлерінің бизнес қатынастарын қолдау, кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер ашу, бірлескен бизнес-жобаларды әзірлеу, консультативтік кеңес құру, индустриялық өнеркәсіп ресурстары, сондай-ақ екі елдің өнімдерін таныстыру үшін көрме залдарын ұйымдастыру, бірлескен индустриялық парктер құру.

Қытайлық делегацияның сапары Үрімші экономикалық және технологиялық даму аймағының әкімшілік комитеті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті. Құжатқа осы жылдың 1 сәуірінде қол қойылды.

Еске салсақ, «Атамекен» ҰКП осы көктемде Үрімші қаласында өз өкілдігін ашты. Шекара маңындағы бұл аймақ Қазақстан мен Қытай экономикасы үшін маңызды сауда, гуманитарлық және туристік хаб болады.

Қытай бизнес өкілдігі Алматы қаласында «Атамекен» ӨКП базасында орналасатын болады.

Осыған ұқсас өкілдік ШҰАА экономикалық және технологиялық даму аймағының Әкімшілік комитетін ашуды жоспарлап отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер