«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық кәсіпкердің арызы қанағаттандырылады

2024 жылғы 13 Маусым
- Түркістан облысы
3790 просмотров

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының «Бизнеске жол» жобасы мен Өңдеу өнеркәсібі салалық кеңесі комитетінің аясында кәсіпкерлерді жеке қабылдау өтті. Жиында жергілікті атқарушы орган тарапынан жүргізілген тексерулер мен кедергілерге қатысты «Beskuduk tas» ЖШС директоры А.Төлендиеваның құқықтық көмек көрсету бойынша арызы қаралды. Басқосуға Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Халымжан Маматаев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Жалғас Борсабаев және кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысты. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова тиісті сала мамандарымен арызды жан-жақты саралап, мәселенің шешілу жолдары қарастырылатындығын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер